302
Анау: – Қазiргi заманда болмайтын нəрсе жоқ. Болады.
«Бөрi байлауға көнбес, тарақан айдауға көнбес» демекшi,
өзiң бұра тартатын бұзық екенсiң.
Мынау: – Сен де қызық екенсiң. Майы сiңген мақалды
өзгертуге бола ма?
Анау: – Болады.
Мынау: – Тапқыш болсаң, тапшы ал. Мысалы, «Батамен
ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер».
Анау: – Төбелеспен көз көгерер.
Мынау: – «Отпен ойнама, өрт шығады».
Анау: – Шын iздесең, таздың басынан да бiр-екi бит
шығады».
Мынау: – «Екi сиыр – айран».
Анау: – Екi қатын – ойран.
Мынау: – «Жақсы жiгiттiң жауы болмайды».
Анау: – Маскүнемнiң сауы болмайды,
Юбканың ауы болмайды.
Мынау: – «Тазда тарақ болмайды».
Достарыңызбен бөлісу: