310
Айтпақшы, балалар, жыл басы туралы жиналысқа бара
жатқанда қасқыр байғұс қақпанға түсiп, қайғырып жатса,
бiр жақтан қаңғалақтап қоян кеп қалыпты. Зəресi зəр түбiне
кеткен қоян:
– Оң жағыңыздан өтейiн бе, Қасеке? Əлде, əлде сол жағы-
ңыздан өтейiн бе? – деп лыпылдапты. Сонда қасқыр:
– Əй, қыли! Қай жағымнан өтсең де өзiң бiл. Бiрақ, менi
мына темiр құрсаудан құтқар! – дептi. Қасқырдың қақпанға
түскенiн байқаған қоян:
– Өй, ақымақ, былшылдамай былай тұр жолдан! Асығыс-
пын! – дептi де керi бұрылып кете берiптi. Кеткенiмен қой-
май: «Мен қайтып келгенше мына жапаны жеп қой. Жемесең
бар ғой-ə, əкеңдi танытам!» деп қасқырдың алдына сиырдың
жапасын тастапты. Сонымен қойшы, жыл басы туралы жи-
налыста сиыр былай деп мөңiрептi:
– М-ө-ө-ө-ө-ө! Қарағайдай мүйiзiм бар, үстiмде бiр тулақ-
тық киiзiм бар. Зеңгi бабамның əруағы қолдап жыл басы
болсам бар ғой-ə, айтпады деме, əр сиырдан екi терi алып,
ауыздарыңды аққа жеткiзем. Қашар қағынып бұқаға көзiн
сүзбейтiн болады, бұқа бұзылып бас жiбiн үзбейтiн болады…
Достарыңызбен бөлісу: