Мынау: – «Мың теңгелiк қамшыдан
Бiр теңгелiк пайда жоқ».
Анау: – Қазан отсыз қайнай ма,
Беттiң əрi таймай ма?
Мынау: – «Шал да болса тиiп ал,
Бас-басыңа бай қайда?»
Екеуi: – Ағам, ағам, жан ағам,
Айналайын садағам.
Байың аман болсын деп
Айта жүршi анаған.
Анау: – Əлек болып ағам жүр
Əр əйелден татып ас.
Мынау: – «Бiр бөрiктiң астына
Сыймайды ғой екi бас».
Анау: – «Айдағаны бес ешкi,
Ысқырығы жер жарады».
Мынау: – Қазiр құдайға шүкiр, екi ешкiсi бардың да ыс-
қырығы жаман емес.
Жаман емес ысқырық,
Жаман емес ысқырық.
Екеуi: – Ағам, ағам, жан ағам,
Айналайын садағам.
Ешкiң аман болсын деп
Айта жүршi анаған.
305
Анау: – Көп уəде, бұйрықтан.
Халық қалай ширыққан?
Мынау: – «Қазiр пiскен өкпе артық,
Кейiн пiскен құйрықтан».
Анау: – Көрiп едiм сестенi,
Болмай қапты еш құны.
Мынау: – «Қасқыр байғұс қартайса
«Əпке!» дейдi ешкiнi».
Екеуi: – Ағам, ағам, жан ағам,
Айналайын садағам.
Əпкең аман болсын деп
Айта жүршi анаған.
Анау: – Жеңгемiздiң сұрын-ай,
Айтатұғын сырын-ай.
Мынау: – «Жұрттың Ыбырайы – Ыбырай,
Бiздiң Ыбырай – сұмырай!»
Анау: – Бастық көнбес ырыққа,
Бiзге мойын бұрып па?
Мынау: – «Күлген ауыз көрiктi,
Жылаған ауыз жырық па?»
Екеуi: – Ағам, ағам, жан ағам,
Айналайын садағам.
Бастық аман болсын деп
Айта жүршi анаған.
Анау: – Заңсыздыққа күйдiң бе,
Заңдылықты сүйдiң бе?
Мынау: – «Қара қылды қақ жарған
Өңешi бар бидiң де».
Анау: – «Сен алдасаң – алдадың,
Мен де сенi алдадым».
|