Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет74/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

Тауық айтыпты:
– Кукареку-у-у-у! Қыт-қыт-қыт! «Қыт-қыттаған тауық ту-
май қоймас». Жыл басы болам деп қыт-қыттағалы қай заман. 
Егер мен жыл басы болсам, кукареку деп таңды атырам, ку-
кареку деп күндi батырам.
Сонда ешкi:
– Мə-ə-ə-ə-ə-ə! «Тауықсыз да таң атады» – деп кекетiптi.
Тауық:
– Əй, шыбыш, сен өйтiп шыжбаңдама! Менiң басты бағ-
дарламам мынау: үйректердi суға жүзудi үйретем! Құдақа-
ласа, артымен сүңгiп жүрген сасық үйректердiң бəрi Олим-
пиадаға қатысып, Қазақстанның намысын қорғайды. Шетi-
нен чемпион болмаса, мұрнымды кесiп берейiн...
Жиналыстың ду-ду қызған тұсында шойнаңдап қасқыр 
жетiптi. Əй-шəй жоқ, бiрден қоянға бас салып:
– Əй, қорқақ қоян. Басыма күн туып, байланып жатқа-
нымда сен маған сиырдың жапасын жегiзгiң келдi ғой, ə? – 
дептi. Үрейi ұшқан қоян:


311
– Жемесең жеме, Қасеке! Жемесең жеме, өзiм жеймiн! – 
дептi дiрiлдеп. Бұған таңырқаған ешкi:
– Мə-ə-ə-ə-ə-ə-ə! – дептi.
– Маңырап, мазамды алған қай хайуан мынау? – дептi 
қасқыр ешкiнi иегiмен нұсқап.
– Мə-ə-ə-ə-ə-ə! – дептi ешкi. – Бiлмесең бiлiп қой! Бiз 
Қошқар ата тұқымынанбыз. Өте өсiмтал малмыз. Қошқар, 
қой, саулық, iсек, қозы, марқа, тұсақ, теке, кепе, серке, ешкi 
деген ел боламыз. Мə-ə-ə-ə-ə! Ешкiнi танымасаң таныма, 
қойды танисың ба?
Қасқыр:
– Мен бе? – дептi азу тiсiн ақситып. – Мен қойдың бəрiн 
танымаймын, бiрақ қойдың бəрi менi таниды! Танысаң қас-
қырмын, танымасаң...
«Астапыралла, дауыс жинай алмай жүрiп далбасалап кет-
кенiм не?» деп ойлады қасқыр өз сөзiнен өзi шошып. Сосын 
ешкiге бұрылып:
– Əшейiн, əзiл ғой, ешкi бикеш! – дедi мəймөңкелеп. – Же-
тi атадан өрбiген жетелi тұқым екенсiздер-ау, ə? Сендердiң 
тұқымдарың тұздай құрып, бастарың кемiп барады, ешкi 
бикеш. Егер жыл басы болып, сендердi өсiрмесем, қасқыр 
атыма ұят! Қанша қалғансыңдар өзi? Қане, қазiр тiрi тiзiм-
дерiңдi алайын. Күйеуге шыққандарың бiр бөлек, шықпа-
ғандарың бiр бөлек тұрыңдаршы! – дедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет