Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К


Ешкi: – Қайтып келгендер қайда тұрады? – дедi. Қасқыр



Pdf көрінісі
бет75/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

Ешкi:
– Қайтып келгендер қайда тұрады? – дедi.
Қасқыр:
– Сен немене, тоқал ешкiсiң бе? – дедi. Бағанадан берi 
үндемей тұрған есек:
– А-а-а-а-а-а-а! Мына қасқыр мал басын көбейтем деп 
жатыр ғой, бəрiмiз соған дауыс берсек қайтедi? – деп ақы-
рыпты. 
Тауық:
– Кукареку-у-у-у-у! Таң атты Доңыз келе жатыр, до-
ңыз! – деп шақырыпты. – Сендер жыл басы боламыз деп 
қырық пышақ боп қырқысып жатқандарыңда доңыз жылы 
басталып кетiптi!..


Сөйтiп, балалар, аң-құстар ақылдасып, жыл басын жаңа-
дан сайлай алмай таң ата тарасыпты.
Мiне, балалар! Баяғы заманның күлдiргi ертегiсi «Бай 
болып, барша мұратына жетiптi!» деп аяқталса, бүгiнгi за-
манның бүлдiргi ертегiсiнде бай болып, барша мұратына 
жеткен ешкiм жоқ. Ертеңгi күннiң ертегiсiн кiм айтатынын 
кiм бiлсiн?
1994 жыл


313
ЌОШАЌАНЫМ ЌАЙДА ЕКЕН?
Қыста атамның аулына
Барып едiм қыдырып.
Қошақаным алдымнан
Шықпай қойды жүгiрiп.
Ақ маңдайлы ай ма екен,
Атам қайда жайды екен?
Келген едiм сағынып,
Қошақаным қайда екен?
Қой қора тұр қаңырап,
Бiр қой келдi арық-ақ.
Бiр əкiмнiң соңынан
Қалмай қойды маңырап.
Болған емес ой бөтен,
Қозысы жоқ қой ма екен?
Сол əкiмнiң соңынан
Неге қалмай қойды екен?
Сол əкiмнiң қасына
Барып едiм асыға.
Қошақанды бөрiк қып,
Киiп апты басына.
Аяз екен, қыс екен,
Ағай қызық кiсi екен.
Қой қоздамай жатқанда
Бұ неғылған iс екен?
1990 жыл


314
ЌЎЗЫР
Азу тiс, Ақыл тiс, Күрек тiс секiлдi Ауыз Парламентiндегi 
32 тiс опыр-топыр сөйлеп:
– Шайнап-шайнап, сағыздан май аламыз! – дедi.
Мұны естiген Мұрт:
– Қара суды қанша сапырсаң да май шықпайды! – деп тi-
кiрейдi.
Мұрттан биiктеу қоңқақ Мұрын пысқырып та қарамады. 
Көз жыпылықтап көрмегенсiдi. 
Бар мəселе Бастың құзырына қалдырылды.
1991 жыл
ЕГIЗ АЯЌ
(Абайша)
– Айтайын ептеп,
Бастығым «Кет!» деп,
Тайдырып жатыр тағымнан.
– Көмектесемiз!
– Астымнан қазып,
Үстiмнен жазып,
Шаш ағарды шағымнан.
– Көмектесемiз!
Жанына барып жақсының
Жайраң қақтым – тап шыным.
– Жебiр боп мен де,
Жеп едiм теңге,
Тергеушi күнде тергеп жүр.
– Көмектесемiз!
– «Ұрлықты табам,
Тiрлiктi жабам,
Бiрдеңе маған бер!» деп жүр.
– Көмектесемiз!


Жанына барып жақсының
Жайраң қақтым – тап шыным!
– Қазаным пiстi,
Соңыма түстi
Рэкет деген бiрер ит.
– Көмектесемiз!
– Батпаққа баттым,
Қисайды шəпкiм,
Алып ем былтыр кредит.
– Көмектесемiз!
Жанына барып жақсының
Жайраң қақтым – тап шыным!
– Қалмады шырай,
Бастығым бiр ай
Жiбермек менi шалғайға.
– Көмектесемiз!
– Болады-ау жөнсiз,
Əйелiм менсiз
Үйде жалғыз қалмай ма?
– Көмектесемiз!
1992 жыл


316
ЕШТЕЅЕ ЕСIМДЕ ЖОЌ!
(Мексиканың «Просто Мария» телесериалы
Дубляж жасаған «Копенгаген» киностудиясы)
Рөлдерде:
Мария Лопес – Шынар Жанысбекова
Виктор Корена – Ақыш Омаров
Музыкант – Бақытжан Əлпейiсов
Бишi қыздар Марияны ортаға алып билейдi де, сахнадан 
кетедi. Мария жалғыз қалады. Виктор келедi.
Виктор: – Мария!
Мария: – Извините, я вас не знаю.
Виктор: – Я Виктор Корена.
Мария: – Виктор?
Виктор: – Иə, мен Виктормын ғой, Мария!
Мария: – Виктор? Я вас не помню.
Виктор: – Мария, мен сенi сүйемiн. Мен сенiң күйеуiң-
мiн...
Мария: – Кешiр, Виктор, менiң күйеуiм сен емес, басқа. 
Артур!
Виктор: – Артур? Бiр бəлелерiңнiң бар екенiн баяғыдан 
сезушi ем. Ол оңбаған қайда? Көрсетшi көзiме, көкала қой-
дай қып сабап, əкесiн танытайын!
(Гитарасын асынған бiр музыкант келедi.) 
Музыкант: – Мария? Астапыралла, өңiм бе, түсiм бе? 
Өлiп қалды дегенi қайда?
Мария: – Виктор, бұл кiм?
Виктор: – Бақытжан ғой, менiң ауылдасым.
Музыкант: – Мария, менi шынымен танымай тұрсың ба? 
Есiңде ме, бiз Виктор екеумiз сенi машинамен алып қашып 
едiк қой.
Мария: – Қандай машина?


317
Музыкант: – Бортовой. Мен шопыр болатынмын. Сенi 
асаудай бас бiлдiргесiн «Ақ келiн-ау, ақ келiн. Сауысқан-
дай сақ келiн!» деп бетiңдi ашқасын мынадай өлең айтып ем 
ғой.
(Гитарамен əн салады.)
Мария: – Не помню. Сен қай жерден келдiң, Мексикадан 
ба?
Музыкант: – Мексика? Жоқ, бiздiң Шымкентте Мексика 
деген жер жоқ.
Мария: – Виктор, мен қай жердемiн, Францияда ма? 
Виктор: – Қайдағы Франция, Мария? Қазақстандасың.
Мария: – Қазақстан?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет