Бағдарламасы келесі пәндер бойынша Археология Қазіргі заман тарихы Тарихты оқыту әдістемесі


YІ-ХІІ ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті



бет11/23
Дата28.03.2023
өлшемі57,58 Kb.
#76874
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
13. YІ-ХІІ ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті. 6 – 12 ғғ. рухани мәдениет. Әдебиет («Оғыз-нама», «Қорқыт-ата кітабы»). Ғылым (әл-Фараби, М. Қашқари, Ж. Баласағұн). Дін және мәдениет. Исламның таралуы.
14. Моңғолдардың жаулап алуы, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси салдарлары. Ұлыстардың құрылуы. ХІІ ғасырдың екінші жартысындағы Орталық Азиядағы саяси жағдайлар. Си-Ся, Цзинь, Татар, Меркіт, Керейт, Найман, Моңғол тайпалары арасындағы. Темучиннің балалық шағы, билік үшін күрескен уақыты және 1206 жылғы Онон өзені бойындағы құрылтай. Шыңғыс-хан атын алуы, Моңғол империясының құрылуы. Әскери және әкімшілік реформалары.
15. Ақ Орда мемлекеті. Құрамы.Басқару жүйесі. Шаруашылығы. ХІІІ ғасырдың ортасынан бастап Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Ақ Орданың құрамына (Жетісуды қоспағанда) Қазақстанның Жайық өзенінің шығыс жағындағы және Арал теңізі мен Сырдарияның солтүстік жағалауындағы кең – байтақ аумақ кірген. Ақ Ордада Орда Еженнің ұрпақтары билік құрды. Ақ Орда хандары мұсылмандардың хронологиялық кестесінде.
16. Қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі және «Ақтабан шұбырынды» Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайы. Саяси батыраңқылық, билеуші топтардың өзара күресі. Жоңғар хандығының күшеюі және оның жаулап алу саясатын бастауы (XYIII ғ. 20-40 ж.ж.). Қазақ-жоңғар қатынастары. Қарақұм съезі. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама». Орынбасындағы бас қосу, келісімге келу. Аңырақай шайқасы.
17. Абылай ханның мемлекеттік қызметі. Орта және Ұлы жүздер аумағында жоғары биліктің нығаюы. Абылайдың ішкі және сыртқы саясаты. Абылайдың Жонғариямен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынасы. Қазақ-қытай қатынастары. Сібір ведомствосының ХҮІІІ ғ. екінші ширегіндегі орталық және шығыс Қазақстан аймақтарындағы саясаты.
18. Қазақстанның Ресей құрамына енуінің тарихи алғышарттары, себептері және салдарлары. Әбілқайыр ханның Ресеймен келіссөздері. А.И Тевкелевтің елшілігі. Қазақ хандығындағы саяси топтар күресі. Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы. Ресейдің қазақ жерлерін отарлау шаралары. Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы және қызметі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет