Атрибутивтік қатынастағы құрмалас сөйлемдер Құрмалас сөйлемдер компоненттерінің бірінші компоненті оқиға, құбылысты жалпылау мәнінде хабарлайды да, кейінгі компоненттер оны айқындап, нақтылап, суреттеп хабарлайды, соның нәтижесінде компоненттер арасында атрибутивтік қатынас түзіледі.
Синтаксистік қатынастардың ішінде атрибутивтік қатынастағы тіркестердің алғашқы сыңары екінші сыңардағы заттың анықтауышы ыңғайында келеді. Атрибутивтік қатынастың мұндай сипаты құрмалас сөйлем компоненттерінен де көрініс табады. Зат атауы мен оның белгісінің арасындағы байланыстан туындайтын бұл қатынас түрі құрмалас сөйлем компоненттері арасында өзіндік ерекшелікке ие.
2. Обьектілік қытанастағы құрмалас сөйлемдер Обьектілік қатынастағы құрмалас сөйлемдердің ішінде салалас түрі қазақ тілі білімінде айтылып жүр. Профессор Р.Әмір салалас құрмаластың аталған түрінің құрылысына назар аударады. Бұларда құрмалас сөйлемнің екінші бөлігі алғашқысында обьект болып табылатын қатынастың қимылын, әрекетін білдіреді. Ғалым обьектіні білдіретін компонент постпозициялық күйде болатындығына назар аударады.
№22 дәрістің тақырыбы: Құрмалас сөйлем компоненттері арасындағы фукционалдық қатынастар
Қазақ тілі білімінде адвербиалдық қатынастағы құрмаластардың бар екендігі айтылып жүр. Ғалым Қ.Есенов құрмаластарды функционалды принцип негізінде сөйлем мүшелері ыңғайында топтастыру А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев еңбектерінен орын алғандығын айта келіп, қазақ тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің дені өз басыңқыларымен қарым-қатынасына орай пысықтауыштық ыңғайда жұмсалатынын көрсеткен еді.
Қазақ тіл білімінде құрмаластарды жіктеуде пысықтауыш бағыныңқылардың бар екендігі бұрын да, қазір де мойындалған, бірақ аталған қатынасты тек сабақтастарға ғана телу мәселесі ойлануды қажет етеді. Қазақ тілінде салаластардың да адвербиалдық қатынасқа құрылатындығына дау жоқ. Алғашқы компонент пен соңғы компоненттің арасында сабақтастардағыдай қатынас бар.