1.Көп компонентті сабақтас құрмалас сыңарларының байланысу ерекшеліктері Екі немесе одан да көп бағыныңқы компонент пен басыңқы компоненттен тұратын көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдердің табиғаты күрделі.
Көп бағыныңқылы сабақтастардың тілімізде ең көп кездесетін түрі – үш жай сөйлемнен құралатын түрі. Оның төрт жай сөйлемнен құралатын түрі сирек кездеседі, ал төрттен артық жай сөйлемдері бар түрлері тек поэзияда ғана болмаса, прозалық шығармаларды сирек қолданылады.
ККСбҚС компоненті құрамында келетін компоненттердің бір-біріне қажеттілігі мен тұтас сойлемде болу міндеттілігі бірдей бола бермейді.
2.Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтастар Сабақтас құрмаластың жарыспалы түрінде әрбір бағыныңқы сабақтас сөйлем ортақ басыңқымен тікелей, жеке-жеке өз бетімен жарыса байланысады.
3.Сатылы көп бағыныңқы сабақтастар Бағыныңқы сөйлемдер басыңқымен тікелей байланыспай,өзара бір-біріне тізбектеле,өзімен тетелес тұрған басыңқылы сөйлемдермен құрмаласатын сабақтастың түрі сатылы көп бағыныңқылы сабақтас деп аталады.
№9 практикалық сабақтың тақырыбы: Көп компонентті құрмалас сөйлемдер Тапсырмалар: 1.Көп компонентті құрмалас сөйлемнің түрлері
2.Көп компонентті салаластар
3.Көп компонентті сабақтас құрмалас сыңарларының байланысу ерекшеліктері
4.Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтастар
5.Сатылы көп бағыныңқы сабақтастар
6.Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
7. «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі» Т.Ермекова. 116 б. 22-жаттығу.
25-СОӨЖ тақырыбы:Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер
Тапсырмалар: Көркем әдебиеттен көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдерге 15 мысал теріп жазып, толық синтаксистік талдау жасаңыз.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау
26-СОӨЖ тақырыбы:Жарыспалы, сатылы көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер
Тапсырмалар: Көркем әдебиеттен жарыспалы, сатылы көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерге 15 мысал теріп жазып, толық синтаксистік талдау жасаңыз.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау