34-СОӨЖ тақырыбы:Құрмалас сөйлем компоненттернің кірігуі
Тапсырмалар: Құрмалас сөйлем компоненттернің кірігуі құбылысына 5 мысал теріп жазыңыз.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау
35-СОӨЖ тақырыбы:Құрмалас сөйлем компоненттеріндегі инверсия құбылысы
Тапсырмалар: Құрмалас сөйлем компоненттеріндегі инверсия құбылысына 5 мысал теріп жазыңыз.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау
36-СОӨЖ тақырыбы:Құрмалас сөйлем компоненттернің ортақтасу құбылысы
Тапсырмалар: Құрмалас сөйлем компоненттернің ортақтасу құбылысына 5 мысал теріп жазыңыз.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау
СӨЖ тапсырмалары:Мәтіннің құрылымдық ерекшеліктері
Есеп беру түрі: Конспект
Он үшінші апта
№25, 26-дәрістердің тақырыбы: Қазақ тілі құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелуі
1.Құрмалас сөйлемге қатысты алғашқы зерттеулер;
2.1920-1940 жылдардағы зерттеулер;
3.1940-1950жылдардағы зерттеулер;
4.1990-1990 жылдардағы зерттеулер;
5.Соңғы жылдардағы зерттеулер;
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1.Құрмалас сөйлемге қатысты алғашқы зерттеулер;
2.1920-1940 жылдардағы зерттеулер;
3.1940-1950жылдардағы зерттеулер;
4.1990-1990 жылдардағы зерттеулер;
5.Соңғы жылдардағы зерттеулер;
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемге қатысты алғашқы пікір, тұжырымдар П.М.Мелиоранский, Н.И.Ильминский және т.б. түркітанушылар еңбектерінде көрініс табады. Авторлардың құрмалас деп көрсеткен сөйлемдері бүгінгі таным тұрғысынан алғасында жай сөйлемге жататындығына қарамастан, бұл еңбектердің сөйлем табиғатын танытудағы ролін жоққа шығаруға болмайды.
Қазақ тілі білімінде бұл мәселеге алғаш көңіл аударған А.Байтұрсынұлы «Тіл-құрал. Сөйлем жұйесі мен түрлері» атты еңбегінде құрмалас сөйлемге қатысты түсінік береді. Оны сыйыса құрмаласу және қиыса құрмаласу деп бөліп қарастырады. Автордың сыйыса құрмаласу деп берген сөйлемдері (Қарабай мен Сарыбай аңға шықты) қазіргі замандағы тілдік таным тұрғысынан талдағанда бірыңғай мүшелі жай сөйлем деп танылғанымен, аталған сөйлемнің оны құрмалас сөйлеммен барабар ететіндей әлдебір тілдік заңдылықтың негізінде қалыптасқандығын жоққа шығара алмаймыз (салыстырыңыз: Қарабай да аңға шықты, Сарыбай да аңға шықты).Қиысқан құрмаластарды салалас, сабақтас деп жіктеп, салаластарды мағынасына қарай жиылыңқы, қайырыңқы, айырыңқы, сұйылыңқы және қойылыңқы деп бөлсе, сабақтастарды бастауыш бағыныңқы, анықтауыш бағыныңқы, пысықтауыш бағыныңқы деп бөледі. Құрмалас сөйлемді «күрделі сөйлем» деп атаған Қ.Жұбанов оны салалас және сабақтас деп жіктеп қарастырады. 1936 жылы орта мектептің 5-7 сыныптарына арналған «Қазақ тілінің программасында» құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары мен амал-тәсілдері көрсетіліп, мағыналық түрлеріне тоқталған. Құрмаласты жасайтын амал-тәсілдер салаласта: алғашқы сөйлем баяндауышы құрамындағы еді көмекші етістігі, шартты рай тұлғасы, көсемшенің -п тұлғасы, да, және, сосын дәнекерлері; сол себепті, сондықтан, сөйтіп, бірақ, сөйтсе де, я, әйтпесе, не болмаса, үйткені неге десең, т.б. жалғаулықтары; осы, сол, бұл есімдіктері; сабақтаста, негізінен, құрамында қатыстық сөздері бар шартты рай тұлғалы етістіктерге негізделген. Салалас құрмаластарды өз ішінде ыңғайлас, ереуіл, талғама, себеп-салдар, шарт жағдай деп бөледі де, сабақтастарды анықтауыш бағыныңқылы, толықтауыш бағыныңқылы, пысықтауыш бағыныңқылы деп саралайды. (Қ.Ж., 359).
№13 практикалық сабақтың тақырыбы:Қазақ тілі құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелуі
Тапсырмалар:
1.Құрмалас сөйлемге қатысты алғашқы зерттеулер;
2.1920-1940 жылдардағы зерттеулер;
3.1940-1950жылдардағы зерттеулер;
4.1990-1990 жылдардағы зерттеулер;
5.Соңғы жылдардағы зерттеулер.
Достарыңызбен бөлісу: |