21. Есімше формасы арқылы құрмаласатын мезгіл бағыныңқылы сабақтастарға сипаттама беріңіз.
22. Бір мезгілдес сабақтас сөйлемді көрсетіңіз: А. Рахмет жүріп кеткеннен кейін, арызды прокурор тексере бастады;
В. Сын түзелмей, мін түзелмес;
С. Шай ішіліп болған кезде, бала да оралып келіп қалды;
Д. Бүгін келгенін айтты.
Е. Мен сендерді апармағанда, сендер мұның бірін де көрмейтін едіңдер.
23. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз: А. Ол күнге де жетерміз, аман болайық.
В. Алыптың кеудесі биік болуы үшін, халықтың кеудесі биік болуы керек.
С. Әулие көмек берер деп, басына халық түнепті.
Д. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Е. Осынша әзірлігі бола тұра, ол тойын жасамай кетті.
24. Көсемше формаларының сабақтас құрмалас компоненттерін байланыстырудағы басты ерекшеліктері.
25. Бағыныңқы сөйлемнің бастауышын көрсетіңіз: Өзі, сол қағаз келгелі, ішінен көп мазасызданып, қынжылып жүр еді. А. Өзі;
В. Сол;
С. Қағаз;
Д. Көп.
Е. Жүр еді.
26. Объектілік қатынастағы құрамлас сөйлемді табыңыз: А. Бастарын көтеріп алғанда көрді: оң жақтан шалдың қойы құлап келеді екен;
В. Сүйегі пысық жылқы еді, сондықтан қамшы салдырған жоқ;
С. Әсет енді ғана байқады, сонау бұрышты тығылып қана Бәзікен отыр екен;
Д. Асқар түс көріпті: түсінде әкесі биік жардан құлап түсіпті;
Е.Жаны сондай сұлу еді, қасына барып ерсі сөз айта алмайсың.
28. Атрибутивтік қатынастағы құрамлас сөйлемді табыңыз: А. Бастарын көтеріп алғанда көрді: оң жақтан шалдың қойы құлап келеді екен;
В. Сүйегі пысық жылқы еді, сондықтан қамшы салдырған жоқ;
С. Әсет енді ғана байқады, сонау бұрышты тығылып қана Бәзікен отыр екен;
Д. Асқар түс көріпті: түсінде әкесі биік жардан құлап түсіпті;
Е.Жаны сондай сұлу еді, қасына барып ерсі сөз айта алмайсың.