29. Адвербиалдық қатынастағы құрмалас сөйлемді табыңыз:
А. Сүйегі пысық жылқы еді, сондықтан қамшы салдырған жоқ;
В. – Көрші: балалар қорада жүр ме екен?
С. Осындай қорлық көрем деп кім ойлаған, ойламаған жерден бар кінәні арта салғаны;
D. Мақсатым анық: жеңуім керек!
Е. Бастарын көтеріп алғанда көрді: оң жақтан шалдың қойы құлап келеді екен;
30. Айқындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлемдердің ерекшелігі.
«Құрмалас сөйлем синтаксисі» пәнінен ІІ аралық бақылауға арналған тест тапсырмалары
І нұсқа
1.Құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеген ғалымдар тобы:
А. Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Исаев;
В. Н.Сауранбаев, Қ.Есенов, Т.Қордабаев;
С. М.Балақаев, О.Төлегенов, Р.Әміров;
Д. М.Балақаев, Ә.Әбілқаев, Т.Сайрамбаев;
Е. Б. Сағындықұлы, Т. Ермекова.
2.Аралас құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысуы:
А. Салалас-салалас;
В. Салалас-сабақтас;
С. Сабақтас, салалас, салалас.
С. Салалас-сабақтас-салалас;
Д. Сабақтас-сабақтас-сабақтас;
3. Көп компонентті құрмалас сөйлем түрлерін атаңыз.Әр түріне мысал келтіріңіз.
4. «Тамшылар жиі тарсылдап, нөсердің салқын екпіні төне бергенде, біз де үйге жеттік» сөйлемі қандай сөйлем?
А. Жарыспалы бағыныңқылы сабақтас;
В. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас;
С. Сатылы бағыныңқылы сабақтас;
Д. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас;
Е. Күрделенген жай сөйлем.
5. Сатылы көп бағыныңқылы сабақтасты табыңыз:
А. Назар кітапты оқып болып, сағатқа қараса, мектепке баратын уақыт болған екен;
В. Ашу кернеген оның бет-аузы қыбырлап, денесі қалшылдап кеткендіктен, отырғандар одан әрі сөз таластырмады;
С. Бұл сөздер көңіліне жаққандықтан, кітап сөзіндей етіп, Нұрлан есіне сақтапты;
Д. Жел ызғары сынып, ауа да буылдыр тартып, болмашы дым леп бетке ақырын тиеді:
Е. Жаңғыртқан қазақ даласын,
Жасампаз ғажап қаласың,
Жалғадың жібек жолымен
Батыс пен шығыс арасын.
Достарыңызбен бөлісу: |