6. Теңдік қатынастағы құрмалас сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
7. Құрамындағы компонеттері септеулік шылау арқылы байланысқан құрмаласты табыңыз:
А. Жазу – белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты ертеңгі ұрпаққа жеткізу құралы.
В. Тынысы тарылып, тұла бойы бір ысып, бір суынды;
С. Марат уәдесін орындар, болмаса біржолата бас тартар;
Д. Апта ішіндегі кестені білетін болған соң, Бақыт сабаққа жинала бастайтын;
Е. Бұл кісі әбден орналасып болғанға дейін, сен ешқайда кетпе.
8.Инверсияланған орын тәртіпті құрамалас сөйлемді табыңыз:
А. Әні бар, сәні бар
Дәулет те табылар,
Үміт болса.
В.Жәдігөй боп өмір сүрме,
Арың таза болма егер.
С. Жаңбыр жауып, күн суыта бастады;
Д. Қалаға ол күн төбеге көтерілген соң жетті;
Е. Жалама, балам, жылама!
9. Баяндауыштары әр түрлі тұлғалы жарыспалы бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге мысал келтір.
10. Компоненттер арасындағы функционалдық қатынасына қарай құрмалас сөйлемдердің жіктелісі:
А. Салалас, сабақтас, аралас;
В. Жалғаулықты, жалғаулықсыз;
С. Айқындауыштық, объектілік қатынастағы құрмаластар;
Д. Базистік, актуалданған;
D. Теңккі, адвербиалдық қатынастағы құрмаластар.
11. Құрмалас сөйлем компоненттеріндегі тема-ремалық қатынастар дегеніміз не?
12. Төмендегі құрмалас сөйлемдегі тема-ремалық қатынасты көрсетіңіз: «Саған ашып айтарым сол: мен осында қаламын».
А. Т - Р // Т - Р;
В. Р – Т//Р - Т;
С. Т - Р;
D. Р – Т;
Е. Т-//-ТР//-Р.
13. «Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы» сызбасына сәйкес келетін аралас құрмалас сөйлемді табыңыз:
А. Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді, ат етпетінен түсті;
В. Жиын есіне түскенде, бетінен оты шықса да, мұғалімнің сөзіне көнбеске Бектайдың шарасы қалмап еді;
С. Денесі әлсіреп, сүлдері құрығандай болып, арбаға зорға келіп мінді;
Д. Уақыт өте берді, су киімдерімізге қатқан мұз қалыңдай түсті, мұз оранған дене діріл қақты;
Е. Үй іші тазартылып, күйген нәрселер сыртқа шығарылғанмен, үтін иісі кетпеді, күлімсіген иіс үйдің ішін тегіс алып кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |