Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет102/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   152
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық

Жаз Үйін тіккен жасылдан, Үсті-басы асыл дән.
Жаз келеді жайраңдап, Жарық жүзі – сайран бақ
Ә.Табылдиев

Жыл мезгілдері(ертегі)
Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде Ақ жайықтың жағасында еліне елеулі, халқына қалаулы, бір домалақ ана өмір сүріпті. Сол анадан тараған төрт қыз бар екен. Олардың ауыз десе аузы, күндей жарқыраған көзі бар. Дүниенің сұлулығын өздеріне дарытқан сұлу қыздары болыпты.
Анасы жақсы тәрбие беріпті, Үлкен қызының аты «Көктем». Ол ақ жарқын, мінезі нәзік. Екінші қыз «Жаз» жарқырап, жайдарлы, әр уақытта күлімдеп, нұрын шашып жүреді. Үшінші қызы «Күз» басқа қыздарға қарағанда жылауық, жаңбырлы болады, бірақ қолы ашық мырза екен. Ал кіші қызы «Қыс» басқа қыздарына қарағанда салқын, қаталдау.
Қыздары бой жетіп, саналы да салмақты қыз болып өсіпті. Осы қыздарын домалақ ана өздерінің құтты орындарына қондырыпты.
Үлкен қызы арыстай үш ұл туып, үшеуі де ел қорғаған батыр болыпты.
Екінші қызы үш қыз туып үшеуі де адамзатқа жан жылуын сыйлай білетін мейірімді қыздар атаныпты.
Үшінші қызы жаздай жайдарлы үш қызды дүниеге әкеліпті.
Төртінші қызы берекесі мен ырысы мол, қолдары ашық, келген қонақты қадір тұтатын, қонақжай үш қыз өсіріпті.
Осы төрт қыздан өрбіген ұрпақтары елге, халыққа пайдасын тигізіп,ел аузында аттары аңызға айналыпты. Олар жылдың төрт мезгілі мен онекі айы екен.


Сауысқан мен көкек(ертегі)
Ертеде сауысқан мен кӛкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек», - деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көршісіне:

    • Екеуіміз бірігіп бірік ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз, - дейді.

Көкек:

    • Менің ұя салатын қуатым да, құралым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер,

    • деп келіспейді.

Сауысқан көкектің көмегін күтпей–ақ, ұя салуға кірісті. Ол ұясының қабырғаларын жас бұтақтармен таспалап, берік етіп өрді. Оны шыммен, өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды. Іші – тысын саз балшықтармен сылады. Кішкентай бұтақтардан құрастырып, қақпалы есік жасады. Ұяның астына мамықтан төсек төседі. Ал көкектің «керек, керек» деп қақсай – қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. Ол кейінгі жылдарда
«керек» дегендегі «р» - ды айта алмай, «керек» деудің орнына «көлек, көлек» дейді. Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген ұясы да жоқ екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет