Беске дейін санау Бірді бірге таяп қой. Екеу болар қос таяқ , Цифры оның тап мына Ұқсайды бір аққуға.
Екі мен бір – болар үш, Цифры оның – ұшқан құс. Үш пен бірің төрт екен.
Алатының неше өрік?
***
Бір бұзау, қос құлыншақ, Үш ақ лақ – қуыршақ.
Малын санап Есенім, Білмей қойды есебін. Есептейік, кәне, біз, Есен досқа бәріміз Көмектесіп көрейік, Сан үйретіп берейік!
***
Төрт биенің емшегі, Төрт түйенің емшегі Қанша екенін айта ғой, Білгіш дейін мен сені.
***
Машинаның бесеуін Егінжайға жібердім, Машинаның бесеуін Еділбайға жібердім. Жұмсадым мен нешеуін,
Айтшы маған есебін…
|
Төртеу санның көркі екен. Төрт аяқпен жануар, Стол, төсек... тағы бар..
Төрт аяқпен нық тұрар, Төрт бірлікті ұқтырар. Бес дегеннің цифры, Қарап тұрсаң оп-оңай. Үштің басын қайырып, Қоя салған жай бұрап.
Ә. Табылдиев
Қаз-қаз бас
Қаз-қаз, балам, қаз балам! Қадам бассаң, мәз болам! Күрмеу үшін шешейін, Тұсауыңды кесейін!
Қаз-қаз, балам, қаз балам! Тақымыңды жаз, балам.
Қадамыңа қарайық, Басқаныңды санайық! Қаз-қаз, балам, қаз балам!
|
***
Бір-бірімен жарысқан Төрт аю, бір арыстан, Үш қоян, бір мәлін бар… Бәрі нешеу? Табыңдар…
Ә. Табылды
|
Қадам бассаң, мәз болам! Қаз-қаз, балам, жүре ғой! Балағынды түре ғой,
Тай-құлын боп шаба ғой, Озып бәйге ала ғой!
Қаз бола ғой, қарағым, Құтты болсын қадамың! Өмірге аяқ баса бер, Асулардан аса бер!
|
Ұлыс бақты болсын, Төрт түлік ақты болсын! Ұлыс күнгі игілік
Жан-жақты болсын!
Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын, Не тілесең сол болсын!
Төрт түлік соны кеңге өрсін, Пәле-жала жерге енсін!
Наурыз күні қазан толып Береке-бірлік елге келсін!
Достарыңызбен бөлісу: |