Ынтымақ күні
Жалауымда – Нұрлы Күн, Нұрын шашып тұр бүгін!... Паш етеді ол:
Халқымның – Ынтымақ, бірлігін!...
Құқығы – әр ұлттың тең, Ада күңкіл-шүңкілден: Жүз түрлі ұлт пен ұлыстар Ұғысады бір тілмен...
Ортақ – дәстүр, ғұрып бай. Ынтымағын суытпай: Шаңырақты көтерген,
Жүз түрлі ұлт – Жүз уықтай!..
Шыңға тартсаң салып жол, Қиналмайды талып бел: Жүз иыққа сүйенген, Қазақстан – Алып Ел!
Ө. Ақыпбеков
|
Сұлу мамыр
Мейірің сенің артық-ақ, Айналайын мамырым. Тағы келдің жарқырап, Ертіп әлем жарығын.
Жылылық мол үніңде, Асыл досым, келдің бе?! Сен келгенде күлімдеп, Бөленеді жер гүлге.
Тікті-ау сірә, кең дала – Шебер ана, арлы ана.
Киімдерің жап-жаңа, Сүйінді елің шаруаңа.
Өшпес үміт тәтті арман, Құстар даусы келісті.
Жапырақ жайған бақтардан, Кетті жайнап жер үсті.
Күнде еседі самал жел, Жер жатқан соң қош алып. Сұлуланып әжелер,
Кетті аталар жасарып.
Т. Молдағалиев
|