Танысу
Ботақан Мен – Ботақан, Ботамын, Ойсыл қара –Атамның Ұрпағына жатамын.
Ойнақтаймын баладай, Жалғаз қалсам далада-ай, Боздап дауыс қатамын.
Е.Өтетілеуұлы
|
Төрт-түлік Түйе – малдың үлкені, Жылқы – малдың үркегі. Сиыр – малдың сүттісі, Қой – түліктің құттысы.
С.Қасиманов
|
Құлыншақ
-Мен - Құлыншақ, Құлыншақ,
Әрбір жерге ұрыншақ. Желбіретіп тұлымшақ, Шапқылаймын күнұзақ. Өсіп, тұлпар боламын, Бас бәйгені аламын!
Е.Өтетілеуұлы
|
Қошақан Мен – Қошақан, Қошақан, Момақанның өзімін.
Қойдан бөлек лақпаймын, Секірмеймін лақтайын – Жетеді оған төзімім!
Е.Өтетілеуұлы
|
Түйе
-Ал, балалар, таныдың ба? Жүрер жерім Қарақұмда. Шопандардың жүгін артып, Құм ішімен кетем тартып.
Боташым бар, тайлағым бар, Сонда болам қайда құм бар. Жантақ жеуді сүйемін ғой, Мен кәдімгі түйемін ғой.
Құлын Құр-у, құр-у, құлыным, Құрығыма түсе ғой.
Тазасын жеп сұлының, Мөлдір судан іше ғой.
Ұ.Есдәулетов
Жылқы: Білемісің жайын малдың, Өзім қыстай жайыламын. Қызығыңдар, қызығыңдар,
Қымыз десең қымызым бар.
|
Қошақан Кіп-кішкене момақан Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам «қозым» деп,
«Қошақаным- өзің» деп!
Ботақаным-бөбегім Қара көзің мөлдіреп, Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнің үлбіреп, Қарасам көз тоймайды.
І.Жансүгіров
|
Достарыңызбен бөлісу: |