Ақ лақ
Ал лақ-ау, ақ лақ, Неге тұрсың маңырап?
Сиыр
Сүтке тоймай қалдың ба? Сабыр етші азырақ, Тойдырайын қазір-ақ.
-Саусаң селдей, Сүтім көлдей.
Желмен бірге жарысамын,
Өздеріңмен танысамын. Бағын ашқан кең даланың, Жылқы деген мен боламын.
Бұзауқан Сүтке қарның тойынса-ақ, Ойнақтайсың ойын сап.
Шап, құмарың тарқасын, Түрулі ғой мойыншақ.
Шапқыламай жүрмейсің, Ойлы-қырға бірдейсің.
Шөпті иіскейсің тұра қап, Ал жайыла білмейсің.
Әлі-ақ өсіп толасың, Дәу тайынша боласың. Сүт емуді қоясың, Балаусаға тоясың.
Н.Айтов
|
Балдан тәтті қаймағым бар,
Қай түлікпін, ойланыңдар. Жақсылыққа үйірмін ғой, Мен кәдімгі сиырмын ғой.
А.Шаяхметов
Құлыншағым - құндызым Құлыншағым – құндызым, Құлдырайды шабады.
Жылтылдаған жұлдызым, Құстай қанат қағады.
І.Жансүгіров
|
Қой:
-Баға білсең мың боламын, Киіз болам, жүн боламын. Етім де бар, сүтім де бар, Білсеңдер айт, кім боламын?
-Қуанышы айналаның, Мен кәдімгі қой боламын.
А. Сопыбеков
|
Ботақан
Мен – Ботақан, Ботамын, Ойсыл қара –Атамның Ұрпағына жатамын.
Ойнақтаймын баладай, Жалғыз қалсам далада-ай, Боздап дауыс қатамын.
Е.Өтетілеуұлы
|
Мысығым бар сүйкімді
Кес кестейтін жолымды, Тістелейтін қолымды.
Мысығым бар сүйкімді Қуып ойнар добымды.
К. Ыбрайұлы
|
Достарыңызбен бөлісу: |