Тауық пен тары
Тауық тары жинапты, Оны ешкімге қимапты. Бөтегесін толтырып, Қамбасына құймапты. Қыста тауық қақылдап, Тары іздеп жүр тақылдап.
Ә.Табылдиев
Сайра құсым Таудамысың, сайдамысың, Таңғы ауада сайра, құсым. Көптен бергі арманымсың, Көктем болып сайра, құсым. Толтыр әнге бақтар ішін, Сандуғашым, сайра, құсым.
С.Жиенбаев
|
Торғай Торғай, тоғай, торғайсың, Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын танып ал, Сонда аязға тоңбайсың.
Х.Талғаров
|
Үйрек Мен –үйрекпін, үйрекпін, Бұлтыңдаған бүйрекпін. Көп үйлерге керекпін,
Құрқылдаймын, қимаймын Тамаққа бір тоймаймын.
Қораз Мен-Қоразбын, Қоразбын Жалқаулармен аразбын.
Таңды бұрын қарсы алып, Елді оятам жар салып.
|
Түйеқұс Қарашы, әне бір тұсқа, Жануар, әлде ол құс па? Қанаты бар, ұшпайды, Көкқұтанға ұқсайды.
Бірқазан Қапшыққа ұқсас тұмсығы – Бейне бір оның қалтасы.
Балық салып алған ба, Болғандықтан түскі асы? Бірқазан деген осы құс, Қанатты біздің досымыз.
|
Қаз Мен – Қазбын, Қазбын, Жаз келсе мәзбін.
Балаша аңқылдаймын, Қуанып қаңқылдаймын.
Е.Өтетілеуұлы
|
Тауыс
Әсем тәж киген басына, Патшасы дерсің құстардың. Жақындап барып құсына, Орманда оны ұстадым.
А.Байғобылова
|
Мысық пен Торғай
Үстінде үйдің Тұр еді мысық, Қасына келді, Бір торғай ұшып. Бас салмақ болып Ыршыды мысық, Жӛнелді торғай Пыр етіп ұшып.
Биіктен жерге Топ ете түсіп. Мысықтың қалды Жамбасы ісіп.
Б. Соқпақбаев
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |