Бақыттың кілті


та’ала сенің үйіңнен жетпіс түрлі кедейлікті сыртқа



Pdf көрінісі
бет98/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   184
та’ала сенің үйіңнен жетпіс түрлі кедейлікті сыртқа 
шығарады. Жетпіс түрлі берекені үйіңе кіргізеді. Жетпіс 
рахметті саған жаудырады. Ол келін және оның берекесі 
үйдің бұрыштарына ұласады. Ол келін жынданудан және 
басқа да аурулардан амандықта болады.» 
Алғашқы түнде жұбайлардың мән беруі керек болған 
кейбір жағдайлар:
Алғашқы түнде қыз да, еркек те Аллаһ разылығы үшін 
екі рәкат намаз оқып намаздан кейін жанұялық өмірдің 
өздері үшін қайырлы, бақытты болуы үшін Хақ та’алаға 
жалбарынуы, дұға етуі керек. Алғашқы түнде жасалатын 
дұға қабыл болады. Бұл түнде еркек қолын келіншегінің 
маңдайына қойып “Әузу бисмилләһ, салауат” айтып былай 
дұға етеді:
«Йа Раббым, Бұған қайырлы және көркем мінез 
бере гөр. Жаман мінез-құлықтардан сақта. Оны және 
жанұясын мен үшін берекелі қыл. Мені және жанұямды 
да ол үшін берекелі қыл. Бізді жақсы, қайырлы амалдарға 
жұмылдыр, жаман амалдардан ұзақ ете гөр!»
Кейін «Аллаһуммә бәрик ли фи әһли уә бәрик ли 
әһли фийә, Аллаһуммәрзуқни минһа уәрзуқһа минни. 
Аллаһуммәжмә’бәйнә мә жамә’тә фи хаирин уә фәрриқ 
бәйнәнә изә фәрақтә фи хаирин» дұғасын оқиды. 
Қосылудан бұрын жұбайлар отырып сөйлесіп, кішігірім 
нәрселер жеп бір-біріне ынтызарлық, қызығушылық оятулары 
жақсы болады. Төсекке кіруге асықпау керек. Қосылу кезінде 


ЖАНҰЯ
- 140 -
үстері жамылғымен жабық болуы тиіс. Үстері ашық күйде 
жүзеге асқан қосылудан туылатын бала ұятсыз, арсыз болады. 
Көпшілікте болатын “алғашқы түнде нәтиже алуым керек” 
деген түсінік өте қате болып табылады. Өмірінде бөтен еркек 
көрмеген мұсылман жас қыз, бұл жасына дейін алғашқы түн 
қорқынышын және қобалжуын ойлап жүреді. Барлық қыздар 
бұл алғашқы түнде кішкене үркектік және тартыншақтық 
танытады, ұялып, қысылады. Бірінші рет еркекпен бірге-
бір қалудың оған ашылудың ұялуын сезінеді. Бұл қалыпты 
жағдай, дұрыс қабылдануы керек. Керексіз сабырсыздық 
көрсетпеуі керек. Алғашқы түндегі дөрекіліктен туындайтын 
үркектік, ренжу және жағымсыздық сезімдері кейін ұзақ 
уақытқа өшпес әсерін қалдырады, өмір бойы ренішпен 
еске алынатын болады. Сол секілді бұл түнде жасалатын 
сабырлылық, нәзіктік және жылы мәміленің сыйы да кейіннен 
көрінеді, өмір бойы ұмытылмайды.
Осы себепті асықпаған жөн болады, психологиялық 
тұрғыдан қыз өзін жайсыз сезінсе ертеңгі күнге қалдыру 
жақсы болады. Еркек өзін ғана ойлап эгоисттік әрекетке 
бармауы керек. 
Бір әйел он жыл бойы күйеуімен бір түрлі оғаштау өмір 
сүретін болады. Айына бір рет қосылады екен және қосылу 
кезінде де әйелі күйеуімен суық мәміледе болады екен. 
Өйткені алғашқы түнде күйеуі әйелін ренжіткен болады. 
«Не деген арықсың өзі, әрі түрің де жаман» деген екен. Әйел 
бұл сөзді ұмыта алмаған екен. Әйелдің жүрегін жаралайтын 
арықсың, семізсің, ұзынсың, қысқасың, кәрісің сияқты 
сөздерден міндетті түрде ұзақ болу керек! 
Алғашқы түнде махаббат ойыны маңызды болып 
табылады. Махаббат ойыны яғни еркектің келіншегін 
қоздыру тәсілі керемет болған кезде әйел қаншалықты 
ұялшақ болса да ақырын ақырын күйеуіне ынтызары көбейе 
түседі. Одан кейін берілу сезімі көбейеді, тартыншақтықтың 


ЖАНҰЯ
- 141 -
орнына қалау сезімі ашылады. Көп келіншектерді ренжітетін 
және үркітетін нәрсе жұбайларының бұл түнде дөрекілік 
және түсініспеушілік танытулары.
Жұбайлар бір-біріне өте нәзік, жұмсақ мәміледе болуы 
керек, махаббат және мейіріммен жақындасуы керек. Еркек 
қызды еш қыспай және қинамай шынайы бір жақындық 
көрсетуі керек, үркектігін кетіруге тырысуы керек. Қыз 
сөйлесуден, оған ашылудан тартынса да, еркек шын жүрек-
тен сөйлеп, сабырмен жақындауы, ақырын, ақырын оның 
көңіліне кіруі керек. Қыздың үнсіз тыңдауы және анда-
санда ақырын қарсылық танытуы да қалыпты нәрсе. Барлық 
мәселе сүйіп, аймалап қызды қосылуға дайын халге келтіру! 
Алғашқы түннің өзгермес өлшем еместігін ұмытпау керек. 
Алғашқы түн жай ғана бастауы болып табылады. Алғашқы 
жақындау сәтсіз болуы мүмкін, мұны да қалыпты нәрсе деп 
қабылдау керек. 
Діннің әмірі бойынша әйелден ұзақ жүрген еркек көбінесе 
әйелді жақыннан көргенінде немесе оған қолы тигенінде дереу 
бітіріп қоюы мүмкін. Мұндай жағдайда үмітсіздікке түспей 
жарты сағаттай уақыттан кейін немесе ертеңгі күні бастапқы 
дайындығын жасап қайтадан әрекетке өтсе болады. Екінші 
ретінде алғашқы қобалжу өтіп, дереу бітіру болмайтындықтан 
бастапқы дайындық жайбарақат, оңай болады. Бұл жағдай өте 
маңызды. Бұл жағдайды біліп өздерін бұған қалыптастырған, 
дайындаған жұбайларға оңай болады. “Неге бұлай болды? 
Бұлай болмауы керек еді?” деген уайымға түспейді. Өйткені 
бұл қалыпты жағдай. Бірнеше сағат демалып немесе ертеңіне 
де қалдыруға болады. Мұндай кезде жас қыз да жағдайды 
қабыл етуі, түсінікпен қарауы керек.
Қосылу сәтті өткенде еркек қуаныш, бақыттылық сезімде-
рін жұбайымен бөлісіп, оған алғысын айтып және бақыттары 
бүкіл өмір бойынша жалғасуы үшін дұға етуі керек.
Дінімізге жат әдеттердің бірі кей жерлерде болатын 


ЖАНҰЯ
- 142 -
төсеніш тексеруі. Бұл салт әдепке де сай емес және өте жаман 
әдет. Бұған жол бермеу керек. Дәрігерлер ондай қыздар аз 
да болса, кейбір қыздарда “қыздық пердесінің” қасиетіне 
байланысты алғашқы қосылуда қан келмеуі немесе өте аз 
келуі мүмкін екендігін білдіруде. Сондықтан да жаман ойлап, 
салиха қыздың обалына, күнәсына қалмау керек. 
Мұндай қыздардың саны 5% секілді аз да болса, кейбір 
қыздардың алғашқы жыныстық қосылуда, қыздығында 
ешқандай өзгеріс болмайтындығы белгілі болуда. Бұлар 
көбінесе “алқалы” қыздық пердесі болғандарда кездеседі. 
Бұлардың кейбіреулері бірінші баласын босанғанға дейін 
«қыз» болып қала береді. Әрине ондай қыздарда алғашқы 
қосылуда көбінесе күтілетін қан көрінбейді. Мұндай жағдайда 
бұл туралы хабары болмаған еркек, күткен белгіні көре алмай 
түңіліп, абыржуы мүмкін. Нақты дәлелдері болмай тұрып
намысты қызға “жезөкше” секілді кінә тағу үлкен күнә болады. 
Осы айтылғандарды ескерсек белгі көрінбеді деп айқай-шу 
шығару шынында да керексіз және жауапкершілігі қиын жағдай.
Не керек, алғашқы түнде жұбайын қыз деп ойлаған 
адам, күткен нәтижесін ала алмағанда ең аз дегенде іштей 
күмәнданып және күйініп жүреді. Бұл жаман ойдан құтылу 
үшін, жоғарыдағы айтылған ықтималдықтарды ойлап “хусни 
зан” етіп мәселені жабу керек немесе күмән, жаман ойдан 
құтылу үшін келін-күйеу екеуі отырып сөйлесіп күмәнді 
сейілтіп оңтайлы шешімге келуі керек немесе қажет деп 
тапса бір әйел гинекологқа көрініп мәселені шешуге болады.
Сөйлесудің ұзауы, қосылудың кешігуі арқылы ортаның 
дайын халге келуіне кеңес беріледі. Хадис шәрифте былай 
делінеді: «Сендерден ешбірің сөйлеспей, ойнаспай, сүймей 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет