79
«Жетімтау» - деп атайды. Жетімтау аталу себебі таудың оқшау,
жеке орналасқандығына байланысты
қойылған атау болып
табылады.
Жетімтаудың шығыс жағындағы қия беткей «
Жидебай» -
деп аталады. Бұл жердің «Жидебай» - деп аталуына негіз болатын
жиде ағашы мүлдем ӛспейді. Не себептен бұлай аталатындығы
туралы сұрастырғанмен ешқандай мәлімет ұшырастыра алмадық.
Соған қарағанда бұл жердің атауы Жидебай есімді кісінің атымен
байланысты ма? - деген жорамалға тоқтаймыз.
Жетітӛбе
Б.Момышұлы - Қошқарата автомобиль жолының 19 – 20 -
шы шақырымының батыс жағында Құлан тауының етегіне дейін
қаз - қатар орналасқан тӛбелер осылай «Жетітӛбе» - аталады. Бұл
тӛбелердің саны негізінен тоғыз. Бірақ соның жетеуінің шоқтығы
биік, кӛзге айқын кӛрінеді. Бұл тӛбелер табиғи тӛбелер емес,
қолдан үйіліп
жасалғандығы айқын байқалады, биіктіктері 7 - 9
метрдің шамасында да, диеметрі 25 - 35 метрді құрайды.
Орналасуы жағынан бір түзудің бойында болғандығына қарай
бұл тӛбелер жаугершілік кезеңде қорғаныс үшін қолдан үйілген
тӛбелер екендігін дәлелдейді.
Осы ауылдың байырғы
тұрғыны Әшен Айманбетұлының
айтуына қарағанда, бұл тӛбелер Құлан тау мен Теріс ӛзеніне
дейін созылып жатқан жотаға жаудан қорғану үшін үйілген екен,
мұның ұзын саны тоғыздан да кӛп - деп баяндайды.
«Тӛле би мен Қойгелді батыр» кітабында Жетітӛбе туралы
қысқаша мынандай мәлімет берілген.
«Шежіре қарттардың
айтуы бойынша жоңғарлардың
қарауыл тӛбесі Бӛкей тауының етегінде болған. Қалмақтар
қарауыл қарап, жау келгенде түнде от жағып белгі беру үшін
үйген жеті тӛбе әлі күнге дейін тұр» - делінген. (Бақтияр
Әбілдаұлы Тӛле би мен Қойгелді батыр. Алматы: Қазақстан,
1992, 107 бет).
Жетітӛбе орналасқан жота Ұлы Жуалы мен Орта Жуалының
шекарасы, бұл арадан табиғат та күрт ӛзгеріске ұшырайды.
Жетітӛбе атауына байланысты
осы кездегі Кәріқорған
80
елдімекенінде осы аттас орта мектеп және шаруа қожалығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: