Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


Қоректік зат және тіршілік



Pdf көрінісі
бет91/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

Қоректік зат және тіршілік. Кез келген тіршілік иесі сияқты жануар ағзасы де үздіксіз 
жұмыс істейді. Мұның барысында кейбір жасушалар тозып, бұзылып немесе тіршілігін 
жояды. Олардың орны дәл сондай жаңа жасушалармен толығып, калпына келеді. 
Сонымен қатар бүкіл тіршілік процестерінің үздіксіз жүруіне қуат пайдаланылады. 
Жануар ағзасы мұндай «құрылыс материалы» мен қуатты қайдан алатынын 
қарастырайық. 
Ағзаға қорек болып, оның тіршілігін қамтамасыз ететін, яғни оған «құрылыс материалын» 
да, энергияны да беретін заттарға нәруыз, май және көмірсулар жатады. Сонымен бірге 
мұндай материалдарға көптеген минералды тұздарды және суды жатқызуға болады. 
Осындай заттардан ағза өз денесін құрып, тіршілік етеді. 
Нәруыз – мөлшері мен тіршіліктегі қызметі жағынан жасушаның ең маңызды органикалық 
заты. Нәруыздардың тірі ағзада атқармайтын қызметі жоқ. 
Жасуша құрамындағы майлардың мөлшері аз, 5-10%-дан аспайды. Олар да тіршілік 
процесінде құрылыс материалы, қуат көзі, жасушаны сумен қамтамасыз ететін зат ретінде 
маңызды рөл атқарады. 
Көмірсулар жануар жасушасында 1-5%-дай болады, ал бауыр мен бұлшықет жасушасында 
көбірек кездеседі: 
Көмірсулар (глюкоза, сахароза, т.б.) – ағзадағы негізгі қуат көзі. 
Жануарлар дайын органикалық заттармен (өсімдікпен, басқа жануармен және т.б.) 
қоректенеді. Бірақ қоректің (жемнің, азықтың) құрамындағы нәруыз, май және басқа 
қоректік заттар ешбір өзгеріске түспей, бірден жануар жасушаларын түзеді, оны 
«жөндеп», қалпына келтіреді деген қате ұғым тумауы керек. Жануар ағзасында ол заттар 
ыдырап, ерітіндіге айналады. Сол ыдыраған бөлшектерден жануар ағзасы тек өзіне тән 
нәруыздарды, майларды және басқа заттарды синтездеп алады. 
Бұл заттар ағзаның мүшелеріндегі өз қызметін атқарып тозған, жойылған жасушалардың 
қайтадан түзіліп жаңаруына жұмсалады. Оларды «құрылыс материалы» деуге болады. 
Органикалық заттар үздіксіз ыдырағанда үнемі қуат бөлініп шығады. Ол жаңа 
органикалық заттардың синтезделуіне, тыныс алуға, қозғалуға және т. б. жұмсалады. 
Қорытынды. Сонымен кез келген ағзаның тіршілік етуі үшін қоректік зат қажет. Сол 
үшін ағза қоректенеді; оның ағзасында ас қорытылады. Астың қорытылуы – ерекше 
жолдармен жүзеге асатын күрделі құбылыс. Мұнымен жоғары сыныпта тереңірек 
танысасыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет