87
Бунақденеліқоректі құстардың (мысалы,
қарлығаштар, үйректер, т.б.) жемсауы болмайды.
Жем өңештен қарынға өтеді. Құстардың қарны екі бөлімнен – безді қарыннан және етті
қарыннан тұрады. Қарынның алдыңғы бөлімі – безді қарында жем асқорыту сөлімен
араласып, одан соң етті қарынға түседі. Бұл бөлімнің бұлшықеті қалың және іші қасаң,
қатпарлы қабықпен астарланған (2-сурет). Бұлшық еттің жиырылуынан жем қасаң
қабықпен және құстың үнемі жұтатын майда тас-құм түйіршіктерімен үйкеліп әбден
ұсақталады, ботқаға айналады. Сонымен құстарда етті қарын тістің қызметін атқарады.
Жем бауыр мен ұйқы бездері сөлінің әсерінен ішекте әбден қорытылады.
Сүтқоректілерде, әдетте тістері үш түрі болады: күрек тістер, сойдақ тістер және азу
тістер. Аңдардың кейбір түрлерінде (мысалы, үй қояны, құндыз, тиін) күрек тістері жақсы
дамыған, ал сойдақ тістер жоқ; екінші біреулерінің (мысалы, ит, сусар, арыстан) күрек
тістері әлсіз, сойдақ тістері күшті дамыған. Аңдардың әр түрінде тістері пішіні, мөлшері,
саны жағынан түрліше болып келеді. Ал бәріне ортақ және ерекше белгілері: тістері
жақсүйектердегі ұяларға тіс түбірімен бекиді. Тіс ерекше зат – дентиннен тұрады және
сыртын кіреуке (эмаль) қаптайды.
Ауыз қуысында жем сілекеймен шыланып, шайналады, ұсақталады.
Сілекей жем
құрамындағы крахмал тәрізді көмірсуларды ыдырата бастайды. Сүтқоректілерде астың
қорытылуы ауыз қуысында басталады. Ұсақталған және шала қорытыла бастаған жем
жұтқыншақ арқылы өңешке, одан қарынға түседі (3-сурет).
3-сурет.
Сүтқоректілердің асқорыту мүшелері (сызбанұсқа).
Сүтқоректілердің қарны қорек түріне және қоректену тәсіліне қарай бір немесе бірнеше
бөлімді болады. Етпен қоректенетін (мысық, ит, қасқыр, т.б.) немесе дәнмен,
жәндіктермен қоректенетін сүтқоректілердің (көртышқандар, жертесерлер, кірпілер, т.б.)
және жоғарыда аталған балықтар,
қосмекенділер, жорғалаушылардың қарны бір бөлімді.
Өсімдіктекті азықпен қоректенетін ірі, күйіс қайыратын сүтқоректілердің қарны 4 бөлімді
болады (4-сурет). Қорек өңештен қарынның ең үлкен бөлігі – тазқарынға түсіп, онда
сілекей мен әр түрлі бактериялардың әрекетінен ашып, қабырғасы ұяшықтанған
жұмыршаққа өтеді. Жұмыршақ жиырылған кезде ас лықсып, қайтадан ауызға келіп түседі.
Күйіс қайыратын сиыр сияқты малдар жұмыршақтан ауызға келген қоректі қайтадан
сілекеймен шылап, тісімен ұнтақтап шайнайды. Қоймалжың қорек өңеш арқылы қайта
жұтылып,
қатпаршақ қарынға, одан ұлтабарға өтеді.
88
4-сурет.
Күйіс қайыратын жануардың асқорыту және т.б. мүшелері.
1. Ми; 2. Қарын; 3. Тоқ ішек; 4. Бүйен; 5. Ауыз қуысы; 6. Өңеш; 7. Кеңірдек; 8. Өкпе; 9.
Жүрек; 10. Бауыр; 11. Көкет; 12. Аш ішек.
Қарында сөлдің әсерінен нәруыздар ыдырайды. Сонымен қатар қарында үнемі тұз
қышқылының ерітіндісі болады. Мұның әсерінен нәруыз ісініп, оның ыдырауы күшейе
түседі. Сол сияқты қарындағы ортаның температурасы үнемі +38°С, +39°С болып тұрады.
Шала қорытылған қоймалжың қорек асқорыту жүйесінің келесі бөлімі – аш
ішекке
біртіндеп, аз мөлшермен өтіп отырады. Аш ішек етпен қоректенетін хайуандарда
(мысалы, мысық, қасқыр және т.б.) тоқ ішекпен, тоқ ішек тік ішекпен жалғасады.
Өсімдіктекті азықпен қоректенетін сүтқоректілерде аш ішек пен тоқ ішек тоғысатын
жерден бүйен тармақталып шығады. Ал қоян мен адам бүйенінің ұшы құрт тәрізді
тұйықталып бітеді. Қорек аш ішекте ұйқы безі мен бауырдан бөлінетін сөлдердің әсерінен
қорытылады. Бауырдан бөлінетін сөл – өт деп аталады. Ол майды ұсақ тамшыларға
ыдыратып, тез қорытылуын қамтамасыз етеді.
Ұйқы безінің сөлі ұлтабар
ұшында сілтілі орта жасап, нәруыз, май, көмірсуларды
қорытылуына қолайлы жағдай туғызады.
Аш ішектің астарын қылтамырлар мен лимфа тамырлары торлап жатады. Қорытылған
органикалық заттар ерітіндісі қылтамырлар арқылы қанға, май ерітінділері лимфаға
сіңіріледі. Сөйтіп органикалық заттар қан мен лимфа арқылы бүкіл ағзаға,
ұлпаларға
таралады. Қорытылмаған қалдық заттар тоқ ішекке өтеді. Ол заттардағы су тоқ ішек
қабырғасы арқылы қанға өтеді де, қалғаны тығыздалып, тік ішек арқылы денеден сыртқа
шығарылады.
Қорытынды. Жануарлардың қай түрі болса да, асқорыту жүйесі
жұмысының соңғы
нәтижесі мен құрылысының жалпы сұлбасы бірдей екені көрінеді. Сөйтіп қоректі
қабылдап қорытады, ағзаға сіңіріп, ескірген, тіршілігін жойған жасушаларды жаңартады.
Атаулары мен орналасу реті, құрылысы әр түрлі болғанымен, асқорыту мүшелерінің
қызметі бірдей.
Асқорыту жүйесіндегі ерекшеліктер жануарлардың немен қоректенетініне және құрлықта
бір жерден екінші жерге қалай орын ауыстыратынына байланысты. Мысалы,
өсімдікқоректі жануарлардың асқорыту жүйесі күрделірек. Ішегінің ұзындығы дене
тұрқынан 20 есе ұзын болады. Ал етпен қоректенетін жыртқыштардың (қасқыр, түлкі
және т. б.) асқорыту жүйесінің жалпы көлемі шағын, ішегінің ұзындығы өзінің дене
тұрқынан 4-5 есе ғана ұзын болады.
89
СҰРАҚТАР
1. Тістері мен тілі арқылы жемін ұстап жұтқыншаққа жылжыту арқылы
қоректенетін
жануарлар:
2. Құстардың жақсүйектері:
3. Бунақденеліқоректі құстар (жемсауы болмайды):
4. Күрек тістері жақсы дамыған аңдар:
5. Дәнмен, жәндіктермен қоректенетін сүтқоректілер:
V ТАРАУ. КӨПЖАСУШАЛЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТЫНЫС АЛУЫ
Достарыңызбен бөлісу: