83
4-сурет.
Бұлшықет ұлпалары.
а) көлденең жолақты
бұлшықет талшықтары;
ә) ұзын салалы бұлшықет талшықтары.
1. Жасуша ядросы;
2. Көлденең жолақтар.
Жүйке ұлпасы – нейрон деп аталатын жасушалардан тұрады (5-сурет).
Әр нейронның
денесі ұзын және қысқа өсінділері болады. Нейронның ұзын өсіндісі
– аксон, ал
қысқа
өсінділері
дендрит деп аталады. Нейрон денесінен қозу аксон арқылы әр түрлі мүшелерге
(бұлшықеттерге, теріге және т. б.) өтеді. Дендрит арқылы қозу нейронның денесіне қарай
өтеді. Аксонның көрші жатқан нейрон дендридінің қабықшасымен байланысып, қозу
өтетін жерін
тоғысу (синапс) дейді.
Достарыңызбен бөлісу: