92
1. Желбезек доғалары; 2. Желбезек күлтелері; 3. Желбезек саңылаулары; 4. Күлтелердегі
қылқантамырлар; 5. Желбезек қақпақшасы.
Балық суды толассыз «жұтады». Су ауыз қуысынан желбезек жапырақшаларына барып,
сол арқылы суда еріген оттегін қанға сіңіреді. Денедегі көмірқышқыл газы суға қосылып,
желбезек қақпашасы арқылы сыртқа шығады.
Хордалылардың тынысалу жүйесінің тыныс жолына сәйкес келетін мүшелерінің
реті:
танау тесігі - көмекей - кеңірдек - өкпе. Бұл жүйедегі газ алмасатын ең негізгі
мүше – өкпе. Басқа мүшелердің қызметі – негізінен алғанда өкпеге ауа жеткізу. Олар
ауаның тазалығы мен қалыпты температурасы болуын қамтамасыз етеді.
Өкпе құрылысының жалпы сұлбасы мен қызметі барлық омыртқалыларда бірдей.
Ерекшелігі – тек бұл мүшенің даму деңгейіне ғана тән. Сондықтан тынысалу жүйесімен
танысуды қосмекенділерден бастайық.
Достарыңызбен бөлісу: