90
1-сурет.
Ұлудың ішкі құрылысы.
Қосжақтаулы былқылдақденелілерде (2-сурет) шапанша қуысы дененің екі бүйіріне
қараған жағында орналасып, көлденеңінен тілімделген екі жұп тақташалары болады.
Әрбір тақташада көптеген кірпікшелер бар. Кірпікшелердің үздіксіз қозғалысы судың
ағынын туғызады. Су ағыны дененің артқы жағындағы шапаншаның төменгі кішкене
саңылауы (сифоны) арқылы ішке құйылады. Сәл жоғарырақ орналасқан жоғарғы саңылау
(сифоны) арқылы сыртқа шығады. Төменгі саңылау – су кіретін
сифон, жоғарғы саңылау –
су шығатын
сифон деп аталады. Осы екі сифонның жұмысы арқасында шапанша қуысын
су ағыны үздіксіз шайып тұрады. Суда еріген оттегі осы «желбезек» арқылы қанға сіңеді
де, денедегі көмірқышқыл газы сыртқа шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: