Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайының ғылыми практикалық негіздері


Балабақша тәрбие бағдарламаларының ерекшелігі



бет2/11
Дата29.11.2022
өлшемі483 Kb.
#53490
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1.2. Балабақша тәрбие бағдарламаларының ерекшелігі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдың 29 сәуіріндегі №405 "ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірқатар мәселелері туралы" қаулысына сәйкес "Мектепке дейінгі балалық шақ" орталығы құрылды. Оның төрт аймақтық филиалы Алматы, Шымкент, Қостанай және Семейде ашылды.


Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына және "ҚР 2005-2010 жылдардағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес" "Мектепке дейінгі балалық шақ" орталығы мектепке дейінгі тәрбие-леу мен оқыту жүйесіндегі қызметке талдау жасап, мектепке дейінгі білім сапасын анықтауда мониторинг жүргізіп, мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің дамуына ғылыми болжам жасамақ. Сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін, базистік оқыту мен дамыту бағдарламаларын, мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің мемлекеттік стандарты және оған сәйкес оқу-әдістемелік кешендерін дайындауға ат салысады. Республика көлемінде "Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері" қаланып, ауқымды істер атқарылды.
Балабақшаға бармайтын балалар үшін үй жағдайларында мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын қамтамасыз етуге бағытталған «Язык детской игры» атты білім беру курсы әзірленді. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгі ережесі, үй тәрбиесіне қолдау көрсету мақсатында Ата-аналарға арналған консультациялық пункттерді ұйымдастырудың үлгі ережесі, Отбасылық бала-бақшаның, «Мектеп – балабақша» кешендерінің, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған тузету және эклюзивті білім беру кабинеттерінің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережелері жасалды және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілді.
Қазақстан балаларының мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту құқығы мынадай мектепке дейінгі ұйымдардың әртүрлі үлгілерімен және түрлерімен қамтамасыз етіледі: балабақшалар; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнаулы ұйымдар; мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталықтары; дамыту орталықтары; қысқа уақытта келу (кешкі, демалыс, мерекелік) және басқалар.
Бағдарламаның мақсаты: Тұрғын халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы қызметтеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру.
Бағдарламаның міндеттері: Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
- 2015 жылға дейін мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы санынан 70 %-ын қамтамасыз ету;
- 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды білім беру ұйымдарындағы мектепалды даярлықпен толық қамтамасыз ету;
- республикадағы демографиялық жағдайды және тұрғын халықтың білім алуға қажеттілігін ескере отырып мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін ұлғайту;
- мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы проблемасын шешу үшін қажетті қаржылық-экономикалық жағдай жасау;
- мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді және үнемі олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру.
2015 жылға қарай ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балалардың жалпы санынан 70 %-ы қамтылатын болады, оның ішінде: 2010 жылы – 48 %, 2011 ж. – 55,6 %, 2012 ж. – 60,8 %, 2013 ж. – 65 %, 2014 ж. – 70 %.
Бағдарлама – мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеудің мақсат, міндеттерін және мазмұнын айқындайтын құжат. Мектепке дейінгі балаларға білім беру стандарты және тұжырымдамасы. Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасының қалыптасу тарихы. “Балбөбек” бағдарламасы. Балаларды мектепалды даярлау бағдарламалары. Мектепалды даярлық бағдарламасы (1998). Балабақшада балаларды мектепке даярлау бағдарламасы (1999). Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындау (2000). Балама бағдарламалар. ТМД елдерінде қалыптасқан бағдарламалар мазмұны. Бағдарламалардың құрылымы, ерекшелігі. Сабақ кестесі. Базистік оқу жоспары. Оқу сағаттары. Мектепалды дайындық оқулықтар және ол Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы ҚР МЖМБС талаптарына сай жаңа бағдарламалар кешенінің бөлімі болып табылады.
Бағдарлама мазмұны мектепке дейінгі кіші жастағы баланың біртұтас тұлғалық және физиологиялық, танымдық, қатынастық, шығармашылық және әлеуметтік дамуына бағытталған.Т.М. Калашникова, Г.Н. Новогренко, Н.И. Матвиенко, Г.Ю. Жигайло, Н.Л. Татаурова, И.А. Тирская, Т.А. Дрыгина, Г.Г.Корчевская, С.И.Шелипова, С.Г.Шақабаева, И.И.Митрофанова құрастырушы-авторлар: 5-6 жастағы балалардың оқу тәрбие бағдарламасы баланың тұлғалық дамуын және оның мектепте оқуға дайындығын қамтамасыз «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» стандартының логикасында мектепке дейінгі білім берудің базистік мазмұнын анықтайды[54].
«Жас өскін» авторлық бағдарламасы мектепке дейінгі жастағы балалардың физикалық даму міндеттерін шешеді. Бағдарлама мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының типтік принципін сақтай отырып, сауықтырудың стандартқа сай емес әдістеріне негізделген.
Бағдарламаның басты мақсаты – стандартқа сай емес құрал – жабдықтарды қолдана отырып, ойын сабақтары, жаттығуларының жүйесі арқылы жүзеге асатын баланың физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту мен дамыту[55].
Қазіргі бағдарламамен жұмыс жүргізу кезінде балаларда көптеген ауруларды алдын – алуға және ағзасын бекітуге себепші болады.
Бағдарламаға арнайы жасақталған қосымшада жаттығулардың барлық түріне, түрлі мазмұндағы қимылды ойындарға, спорттық мерекелер мен ойын – сауықтарға толық әрі түсінікті сипаттама беріледі.
Бағдарламаны іске асыру барысында мақсатқа қол жеткізуге кедергі жасайтын демографиялық үдерістерге байланысты қауіп-қатерлер туындауы мүмкін.
Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы - білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ететін кез келді.
Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы мектеп жасына (3-5 жас) дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамуының мазмұнды қырын ашады.
Бағдарлама мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың дене және психикалық денсаулығын сақтауға, балалар дамуының негізгі көрсеткіші ретінде балалардың негізгі құзыреттілігі міндеттерін шешуді қалыптастыруға, әртүрлі өмірлік жағдайларда жинаған тәжірибелерін қолдануға бағытталған.
«Зерек бала» бағдарламасына белгілі бір ұстанымдар енгізілген:
- оқыту әдістері және мазмұнының, мақсатының әлеуметтік шарттарға сай жаңарып отыруы;
- тәрбие мен оқыту әдістерінің, мазмұндарының бірлестігі және қолжетімділігі;
- баланы тәрбиелеу мен оқытуды жеке тұлғалық ұйымдастыру;
- стратегиялық білім беру қағидаларының жолдарын таңдау еркіндігі және оны жүзеге асыру әдістері, түрлері және вариативтілік ұстанымы.
- балаларды әлеуметтік қорғау, педагогикалық, психологиялық процестерінің мазмұны мен ұйымдастырылуының әрекеттілік және шығармашылық қатынасы.
- тәрбиелеу мен оқыту үдерісін қарым-қатынас, зерттеу-іздестіру, ересектермен және құрдастарымен ынтымақтастық негізінде құру.
Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа ҚР МЖМБС негізінде құрастырылған және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының негізгі функционалды тасымалдаушысы болып табылады.
Бағдарламаға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ҚР МЖМБС сәйкес бес білім саласы: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» енгізілді және 3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балалардың мүмкіншіліктерін ашуға бағытталған.
Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі міндеттері:
- әрбір баланың жеке тұлғалық сапасын жетілдіру және оларды әрі қарай дамыту;
- практикалық, танымдық, шығармашылық және балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерінің тәжірибесін қалыптастыру;
- әрбір баланың интеллектуалдық қабілеттіліктерін, шығармашылық әлеуетін дамыту;
- Қазақстан Республикасының патриоттық, мәдени-тарихи салт-дәстүрлер негізінде мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту;
- ұжымда тәрбиеленушілердің ұлтаралық мәдениетін қалыптастыру;
- баланың толыққанды дене бітімінің дамуына, негізгі құзіреттіліктің маңыздылығын қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолайлы, заттық-дамытушы ортасын құру;
- баланы тәрбиелеу және дамыту мақсатында отбасы, мектепке дейінгі ұйым ортасының ынтымақтастығы.
Мектепке дейінгі кіші жастағы баланы дамыту мен тәрбиелеудің нәтижесі негізгі құзіреттілікке ие, ересектер және құрдастарымен өзара әрекет ете білетін, дене шынықтыру және салауатты өмір салты негіздеріне ие тұлға болып табылады.
Бес білім беру саласының базалық мазмұны балалардың танымдық қабілеттіліктерін, жеке басының бейімділігін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамытудың негізі болып табылады. Барлық білім беру салалары және оның тараулары өзінің мазмұнында мазмұны қоршаған әлемнің қыр-сырын, адамдардың ішкі жан дүниесін, қоғамдық, әлеуметтік және жеке қатынастар, табиғи және маусымдық құбылыстар, техника және ойыншықтар әлемі, әдебиет, өнер, сезім, көңіл күй және т.б. қамтиды.
Бағдарламаның айырмашылық белгісі пәнаралық байланысқа және мектеп жасына дейінгі балалардың білімі мен білігінің тұтастығын қалыптастыруға негізделген білім беру материалдарының мазмұнын біріктіру болып табылады.
«Зерек бала» бағдарламасының құрылымы:
- түсіндірме жазба;
- балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама;
- күн тәртібінің үлгісі;
- бес білім беру саласының базалық мазмұны: «Денсаулық», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта»;
- әрбір жас кезеңдері үшін ойын және еңбек іс-әрекетіндегі баланың даму бағыты.
Бағдарламада әрбір тарау бойынша бағдарламаның базалық мазмұнын меңгеру көрсеткіштері ұсынылған.
Қосымша А қараңыз:
- дидактикалық және қимыл-қозғалыс ойындар тізімінің үлгісі;
- ұсынылған көркем әдебиет шығармалары;
- зерттеу-іздестіру және бейнелеу өнері іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптар үлгісі;
- бейнелеу өнерімен танысу үшін шығармалар үлгісі;
- музыкалық репертуар және музыкалық дидактикалық ойындары ұсынылады.
Бағдарлама баланың дамуына, оның мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталған.
Бағдарлама мазмұнын жүзеге асыру әрбіреуінде өзінің базалық мазмұны мен бағытына ие дербес тараулары бар білім беру салаларының жұмысын қарастырады.
«Денсаулық» білім беру саласында педагогикалық іс-әрекетінің міндеттері, мазмұны және шарттары анықталған, олар, балалар денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының қарапайым ережесін қалыптастыруға, балалар ағзасының, қимыл дағдыларының мүмкіндіктерін жетілдіруге, дене және ерік қасиеттерін дамытуға әсер етеді.
«Қатынас» білім беру саласында мектепке дейінгі кіші жастағы баланың коммуникативтік қабілеттерін, байланыстырып сөйлеуін дамыту бойынша міндеттері мен жұмыс мазмұны анықталған.
«Таным» білім беру саласында баланың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту және байыту бойынша; зерттеу, салыстыру, талдау, қарапайым іздестіру әрекетімен шұғылдана білуін дамыту бойынша; қолжетімді ақпарат көздерінің жұмыс дағдыларын меңгеруі бойынша педагогикалық жұмыстардың міндеттері, мазмұны және шарттары анықталған.
«Шығармашылық» білім беру саласында балалар шығармалары арқылы көркемдік қабілеттіліктерін қалыптастыру бірлігі, балалардың бейнелеу және музыкалық іс-әрекеттерінің алуан түрлілігінің өзара әрекеттестігі, баланың дүниеге эстетикалық көзқарасы және оның өнер құралдарымен дамуы ұсынылған.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы баланың әлеуметтік және мәдени тәжірибелерін кеңейту және байыту, оны қоғамдық қатынас жүйесіне қосу, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін – еңбек дағдыларын, білімін, нормаларын, ережелерін қалыптастыру бойынша педагогикалық қызмет міндеттері, мазмұны және шарттары анықталған.
Әрбір білім беру саласының мазмұнында мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды дамытуда күтілетін нәтижелер анықталды.
«Зерек бала» бағдарламасы мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды дамыту және тәрбиелеу мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру мазмұнын таңдау және шарттарын анықтау негізінде «Алғашқы қадам» және «Біз мектепке барамыз» бағдарламаларының арасындағы сабақтастық міндетін шешуді қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет