Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайының ғылыми практикалық негіздері


Сурет 2 – Түркістан қаласындағы балабақшадағы бағдарламаның қолдану деңгейі %



бет8/11
Дата29.11.2022
өлшемі483 Kb.
#53490
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Сурет 2 – Түркістан қаласындағы балабақшадағы бағдарламаның қолдану деңгейі %

Зерттеу нәтижесінде бағдарламада берілген бес бағыт бойынша жұмыс мазмұны тәрбиешілерді қанағаттандырмады. Сала бойынша тақырыптар ашылмаған, қысқа берілген. Бұдан шығатын нәтиже қазіргі кезде қолданыста жүрген бағдарламалар қайта қарауды талап етеді.


Тәрбиеші баланы мектепке даярлаудың негізгі көкейкесті мәселелерін анықтауға ден қоюы керек. Балабақша мен мектептің сабақтастығын түсініп, мектепалды даярлауда оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігін, оқытудың, жаңа технологияларын тәжірибеде пайдалану үшін мектепке дейінгі ұйымдармен отбасы және бастауыш сыныппен тығыз байланыста жүргізу жолдарын қарастыру қажет. Аталған мәселелерді ұсынылған бағдарламаға сүйене отырып жан-жақты тереңдетіп оқу ұсынылады.

Қорытынды
Сөйтіп, зерттеу жұмысы нәтижесінің қорытындысы балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайының мүмкіндіктерінің жоғары екенін және біз ұсынып отырған әдістемеміздің тиімділігін көрсетеді. Экспериментте пайдаланған әдістер мен жұмыс формалары балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайының жүйесін қалыптастырады. Эксперимент барысында қол жеткен нәтижелер былайша қорытынды мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:

  • философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге жасаған талдау «бағдарлама» ұғымын терең саралап мазмұндауға, зерттеу жұмысының көкейкестілігі мен зерттеу деңгейін дәлелдеуге көмектеседі;

  • мектеп жасына дейінгі балаларына балабақша тәрбие бағдарламасы тиімді құрал болып саналады, өйткені оның тәрбиелік және білім беру мүмкіндіктері өте жоғары:

  • қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттарды, табиғат заңдылығын түсінуге, қоршаған ортаны эмоционалдық – эстетикалық көзқараспен, әсерлі сезіммен, талғаммен қабылдауға, білгенін өз тәжірибесінде пайдалануға үйренеді;

  • балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайының жүйесін қалыптастыру өлшемдерін, деңгейлерін анықтау эксперимент нәтижелерін нақты дәлелдеп көрсетуге септігін тигізді;

  • эксперимент нәтижесі біз ұсынған әдістемелік нұсқауларымыздың тиімді болғанын дәлелдейді. Балалардың бағдарлама арқылы білімдері кеңейіп, іс-әрекеттері т.б. әрекеттерді шығармашылықпен, жауапкершілікпен орындады;

  • мектеп жасына дейінгі балаларының қалыптастыру үшін, бағдарламаны балалардың күні бойғы әрекеттерін ұйымдастыру және өткізу барысында ұдайы пайдаланған жөн;

  • бала тәрбиесінде жауапты тұлғаның бірі – тәрбиеші болғандықтан тәрбиешілермен әдістемелік жұмыстарды жоспарлы түрде ұйымдастыру, арнаулы курс өткізіп олардың білім деңгейлерін тәрбие беру деңгейлеріне сай болуын қамтамасыз ету керек.

Қорыта келе айтарымыз, зерттеліп отырған мәселе күрделі болғандықтан оны терең қамтып шығу мүмкін емес, бұл мәселені түбегейлі шештік деп айта алмаймыз. Себебі, тәрбие кешенді жүргізуді талап ететін күрделі үрдіс, сондықтан бағдарлама мазмұнын жан-жақты ашып көсету арнайы зерттеуді қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет