Балуанныѕ дене- кїш ќабілетін арттыру


Бастан асыра лақтыру әдісте арналған жаттығулар



бет40/42
Дата16.02.2023
өлшемі468 Kb.
#68638
түріДиплом
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Бастан асыра лақтыру әдісте арналған жаттығулар

  1. Бір аяқта тұрған бойда артқа домалауды орындау.

  2. Арқада жатып балуан маникенін бір аяқпен көтеру, артқа лақтыру.

  3. Арқада жатып серіктесті бір аяқпен көтеріп – түсіру (қолмен жағадан ұстау арқылы).

  4. Қолға допты ұстап артқа домалау, домалау кезінде допты жоғары лақтыру.



Арқадан асырып лақтыру әдістеріне арналған жаттығулар

  1. Аяқты айқастыра және бір аяқтың үстінен екінші аяқпен аттау арқылы бұрылу.

  2. Гимнастикалық сатыға қарсы тұрып, екі қолмен кеуде тұсындағы баспалдақтан ұстаған бойда арқамен шұғыл бұрылып, баспалдақты алға тарту.

  3. Резина жіппен арқадан асыра лақтыру әдісін орындау.

  4. Ағаш, діңгектен ұстап, арқадан асыра лақтыру әдісін қайталау.

  5. Балуан маникенін қолданып, арқадан асыра лақтыру әдісін орындау.

  6. Арқадан асыра лақтыру әдісін серіктеспен және бір өзі орындау.



Кеудеден асыра лақтыру әдісіне арналған жаттығулар

  1. Артқа құлап бара жатып жерге кеудені бұрып құлау.

  2. Кеуде тұсына допты ұстаған бойда артқа лақтыра құлау.

  3. Кеуде арқылы лақтыру әдісін балуан маникеніне орындау.



Ерікін күрес тәсілін жетілдіруге арналған жаттығулар

  1. Өз көлеңкесімен немесе ойша қарсыласпен күресу кезінде күрес тәсілдерінің жылдамдық, ептілік, иілгіштік, күш қабілеттерін қолданып, үстемдік етіп күресу. Осы жаттығуларды серіктестікпен орындау.

  2. Ауыр затты игеріп, сүйретіп, аударып алып жүру.

  3. «Шеңберден игеріп шығару» ойыны.

  4. «Шеңберге тартып кіргізу», «сызықтан шығару» ойыны.

  5. Допты бір-бірімен жұлып алу ойыны.

  6. «Ұстап жату», «ауырту» әдісінен құтылу.

  7. Кілем ортасында жатқан, төрттағамдап тұрған серіктесін кілем сыртына шығаруға тырысу.

  8. Бір-бірінің белдіктерінен ұстаған бойда бір-бірін көтеру, кілем сыртына шығару.

  9. Төрттағамдап тұрған, кілемде ішімен жатқан серіктесті кілем үстінен көтеріп әкету.

  10. Бір-бірінің иығына мінген бойда бірін-бірі тартып кілем үстіне жығуға тырысу.

  11. Екі топқа бөлініп бірін-бірі тарту арқылы өз жақтарына шығаруға тырысу.

  12. Екі топқа бөлініп төрттағамдап тұрған бойда бір-бірін арқасына аударуға тырысу (арқасына аударылған ойыншы ойыннан шығып қалады).

  13. Тізерлеп отырған бойда жүгіру, домалау, аунау арқылы эстафета ұйымдастыру.

  14. Тізерлеп отырған бойда регби, ойынын ойнау.

  15. Футбол, баскетбол, қол добы ойындарын қарапайым ережемен ойнату.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет