Балуанныѕ дене- кїш ќабілетін арттыру


Еркін күрестің дене дайындығы жүйесінде дәстүрлі емес жаттығуларды пайдалану



бет41/42
Дата16.02.2023
өлшемі468 Kb.
#68638
түріДиплом
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Еркін күрестің дене дайындығы жүйесінде дәстүрлі емес жаттығуларды пайдалану.
Қолданылатын заттар және онымен жұмыс әдістемелері

  1. Бастан және оң және сол иықтан асыра артқа тасты лақтыру. Тас салмағы 22-26 кг.

  2. Кеуде алдында ұстаған тасты алға лақтыру тас салмағы 22-26 кг.

  3. Ағаш бөренмен жаттығу. Бөрене салмағы 50-120 кг

а) бастапқы қалып (Б.Қ) – бөрененің бір ұшы жерде, бір ұшынан көтерген бойда бөренені сол жақтан оң жаққа ауыстыру, кері қарай.
б) Б.Қ. – бөрененің бір ұшы жерде, бір ұшынан кеуде алдында көтерген бойда жоғары – төмен түсіру.
в) Б.Қ. – бөрененің бір ұшы жерде, бір ұшынан ұстаған бойда еңкейіп денені қайта жасау.
4. Бөренені топтасын көтеру
а) Б.Қ. – 4-8 спортшы екі қолдарымен дененлерінің бір қырында ұстап тұрған бойда, жоғары иыққа көтеріп – түсіру.
б) Б.Қ. – 4-8 спортшы бөренені денелерінің бір қырында ұстап тұрған бойда бастарынан асыра көтеріп екінші қырларына түсіру.
Бөренемен тастың салмағы орындаушы балуандардың жасы мен салмақ дәрежелеріне қарай реттеліп алынады.
Жаттығу жиыны кезеңіндегі жалпы дене – күш қабілеттерінің тестілік көрсеткіштері (еркін күресі 2007ж)



Аты жөні



Разрядтары



Салмағы



Туған
Жылы



Арқанға
өрмелеу
(сек)



Аспада тартылу
10 сек



Қолды
етпеттен
жатып
бүгіп-жазу
10 сек

Ұлдар

1

О-ва

с.ш.

48

1981

7,45сек

8рет

12 рет

2

К-ва

с.ш.

52

1976

4,91

8

18

3

Т-ва

с.ш.

52

1980

9,38

5

15

4

Ж-ва

с.ш.

56

1984

9

4

14

5

Б-ва

с.ш.у.

56

1985

6

4

16

6

С-ва

с.ш.у.

56

1984

10

5

14

7

О-ва

с.ш.у.

60

1986

10

6

15

8

С-ва

х.д.с.ш.

64

1983

5,91

8

20

9

К-ва

с.ш.у.

56

1986

7

5

18



Еркін күрестегі балуанның арнайы шыдамдылық қабілетін анықтау тестісі
Сынақ бөлімдерге бөлінген, әр бөлім арасында демалысқа арналған уақыт белгіленеді. Берілген арнайы жүктемені: өте жоғары қарқында орындау қажет. Төмендегі берілген сынақ түрлерін 3 рет орындау қажет.

  1. Маникенді 20 секунд аралығында лақтырып әдіс орындау

  2. 10 секунд демалыс

  3. Түрегеліп тұрған қалыптас «көпірге» тұрып оң жаққа айналу

  4. 10 секунд демалыс

  5. Тобықтан қағу әдісін орындау.

Бірінші және екінші рет барлық жаттығуларды орындау аралығында 20 секундтық демалыс беріледі. Сонымен барлық тапсырманы орындауға кететін уақыт қосындысы 3 минут, үзіліс уақыт қосындылары 1 мин 40 секунд, маникен салмағы спортшы салмағына байланысты.
Бақылау тестісінің қорытындысын шығару: әр 20 секундтық кезеңде орындалған жаттығу саны алынады да, алғашқы 1 мин ішінде орындалған барлық жаттығулар саны қосылады. Осы көрсеткіш ең жоғары көрсеткіш есебіне саналады. Келесі 2 және 3-ші минуттағы жаттығуды орындау сандары қосылып, ортақ көрсеткіші шығарылады. Осыдан соң арнайы шыдамдылық индексі орындалады. Оған 2-ші және 3 минуттағы сандардың ортақ көрсеткіші мен 1-ші минуттағы көрсеткіштің қатынасы алынады.
1 бөлімдегі максималды көрсеткіш-27.
2 мен 3 бөлімдегі ортақ көрсеткіш – 22(24+20/2).
Арнайы шыдамдылық АШ- 0,814 (22/27).

Қорытынды

Дипломдық жұмыста жалпы жасалған зерттеу жұмыстары күрестің шығу тарихы, оның әр кезеңдегі даму сатылары, сол сатылардығы өткізілген оқу-жаттығулардың өткізу әдістемелері қарастырылды. Күрестің әрбір даму сатыларында спортшы ағзаларының оқу-жаттығу жүйесіне бейімделуі әртүрлі жағдайларда болғаны байқалады.


Осы бағытта жүргізілген зерттеу нәтижелері келесідей ғылыми қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:
Біріншіден, күрес спорт түріне жататындықтан ол адам ағзасының дене сапаларының жылдамдығын, ептілігін, төзімділігін, күш және иілгіштік қасиеттерінің жетілуіне септігін тигізіп келеді. Жаттығу барысында спортшы үлкен жүктеме алатын, оның септігі функуионалдық мүмкіншілігінің өсуіне, ерік-жігер сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасайды.
Екіншіден, спорттық күрестің тактикасы- қарсыласының техникалық, дене-күш жігерлік ерекшеліктерін есепке алып, бар мүмкіншіліктерін шебер пайдалануға мүмкіншілік береді.
Үшіншіден, жаттықтырушылар мен спортшылардың іскерлік қызметі арқасында спорттық күрес тактикасы үздіксіз дамып және байытылып келеді.
Төртіншіден, тактикалық шеберлерін техникалық, дене-күш және жігерлік дайындықпен тығыз байланысты.Балуанның техникалық шеберлігі жоғары және әртүрлі бейнелі болса ол өзінің сүиікті әдістерін орындауға бейімді, шабуылдау үшін жайдарлы сәтті іріктеуге жеңіл және оның шығармашылық мүмкіншілігі кең және тактикасы әртүрлі болады.
Бесіншіден, балуанның тактикалық мүмкіншілігі көбінесе оның дене - күш қабілеттілігімен анықталады. Жылдамдықты, күшті, ептілікті, шыдамдылықты, дамытудың жоғарғы деңгейі- осының барлығы спортшыға әрдайым жеңіске жетуге пайдалы жолдарын қарастырады. Кімнің ептілігі және жылдамдығы жақсы дамыса, күресті тұрақты шиеленістіруге, қарсыласын жиі шабуылдауға, сериялық техника және тактикалық әрекеттерден тұратын, кеңінен бақылаумен пайдалануға мүмкіншілігі болады.
Алтыншыдан, балуанның тактикалық мүмкіншілігі техникалық және дене-күш дайындығымен бірге және психологиялық дайындығы әсер етеді. Қорықпайтын және белсенді балуанды толық және тактикалық ойлардың түпнұсқасы, қарсыласына өзінің белдесу жағдайын байланыстыру қабілетімен ажыратылады. Байыптылық, ұстамдылық, қайсарлық, өзін-өзі ұстамдылығы және басқа жігерлік қасиеттері балуанды белдесудің өткір сәттерде өзін табу амалы болады. Тактикалық ойлаудың маңызды ерекшелігі алдын-ала көру болады. Алдын-ала көру – яғни оймен алды болжау, жалпы жарыстың және белдесудің нәтижесі неден тәуелді болатынын көз алдына келтіру. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде өткізілген оқу-жаттығудың қай саласын алсақ та, ол дене-күш, техникалық, тактикалық, функционалдық және психологиялық дайындықты дамыту сабағы болып топтап өткізу әдісімен, жекелей дәріс берудің тиімділігі өте маңызды. Әрине тактикалық әдісті үйрету және жетілдіру сабағында және спортшыға жеткілікті түрде сабақ өткізу мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет