Басқару психологиясынан глоссарий 1-Абстракция


Анатомиялық құрылымы және талшықты құрамы



бет5/6
Дата07.10.2022
өлшемі41,27 Kb.
#41817
1   2   3   4   5   6

Анатомиялық құрылымы және талшықты құрамы.


Ретикулярлы тор- нейрондар мен олардың нервті талшықтарының ми бағанында орналасып, тор түзетін жиыны. Ретикулярлы тор бос миы бағананың бүкіл бойымен жоғарғы мойын спинальды сегменттерден аралық миға дейін орналасқан. Анатомиялық ол аралық мидың, воралий көпірінің және орталық мидың рет торына бөлінеді. Сонымен қоса ретикулярлы тордың ми бағанының әртүрлі бөлімдерінде жалпы бірлік бар. Сондықтан оны бір құрылым ретінде қарастырған жөн. Ретикулярлы тор- тармақталған дендритті ағаш пен ұзын аксондармен сипатталатын жүйке жасушаларының күрделі жиыны болып табылады. Дендриттер мен аксондардың бір бөлігі төмендегіш бағытта және ретикулоспинальды жол түзеді, ал бір бөлігі өрмелеуші . Ретикулярлы торға басқа ми құрылымдарынан көп мөлшерде жолдар келеді. Бір жағынан бұл сенсорлы өрмелеуші жүйе миының бағаны арқылы өтетін талшықтар коллатеральды, ол коллатеральдер ретикулярлы тордың дендриттері мен нейрондар санасында синапстармен анықталады. Басқа жағынан мидың алдыңғы бөлімінен келетін төмендеуші жолдар көп мөлшерде коллатеральдер береді, олар да ретикулярлы торға кіреді және оның нейрондары мен синапстық байланысқа түседі. Ретикулярлы тор нейрондарына мишықтан да бір топ талшықтар келеді. Сөйтіп, өзінің афферентті байланысын ұйымдастыра отырып бұл жүйе әртүрлі ми құрылымдарының әсері бірлестігіне ие. Одан шығатын жолдар жоғарыда жатқан және төмендегі ми орталықтарына әсер ете алады.
Ретикулярлы тордың нейронды ұғымы толық зерттелмеген. Ондағы әртүрлі жасушалар өсінділерінің күрделі өрімі болуына байланысты осы аймақтың нейрон аралық байланысының сипатын оқу ауыр. Бастапқыда ретикулярлы тордың нейрондары бір- бірінен байланысып, нейрониль түзеді. Онда қозу диффузды торап көптеген әртүрлі жасушаларды қамтиды деген кең таралған тұжырым болған. Дегенмен, ретикулярлы тордың нейрондарының белсенділігін тікелей зерттеу нәтижелері бұл тұжырымдарға сәйкес келмеді. Осындай белсенділіктің микроэлектродты әкетулерінде жақын жатқан жасушалар мүлдем әртүрлі функциональды сипатқа ие болатыны анықталды. Сондықтан ретикулярлы тор ретикулярлы торға нейрон аралық байланыстар ұйымы дифференцирленген және оның бөлек жасушалар өзаралық арнайы байланысқан деп ойлауға тура келеді.


  1. Абстракция – заттар немесе құбылыстарды зерттеу мақсатындағы оның белгілі бір белгілері мен қасиеттерін ойша бөліп алу.

  2. Психология – психиканың даму заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, ғылыми теориялық ұғымдардың қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.

  3. Психика – тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі ағза мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі.

  4. Адаптация – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының ерекшеліктеріне сезім мүшелерінің бейімделуі.

  5. Анимизм – жан мен рухтың ауыспалылығы және олардың объективті тірлігі туралы ежелгі ілім.

  6. Ассоциация – психикалық құбылыстардың өзара байланысы.

  7. Аутагенді жаттығулар – адамның өз психикалық құбылыстары мен әрекет қылығын басқаруға бағытталған өзін-өзі сендіру, бағыттауға арналған арнайы жаттығулардың комплексі.

  8. Сана – психиканың жоғары деңгейде дамуы.

  9. Бейсана (астар сана) – адамның психологиялық қасиет, процесс және кейіпінің санадан тыс көрнісі.

  10. Методологиялық принцип – детерминизм принципі, сана бірлігі мен әрекеттің дамуы.

  11. Жеке тұлға — әрекеттің субъекті мен объектісі ретінде.

  12. Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.

  13. Темперамент – жүйке жүйесінің тума қаситтерінен туындайтын ерекшелік.

  14. Индивид — әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.

  15. Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.

  16. Ассоциация – ол байланыс елестеуі, олардың арасындағы сыртқы механикалық байланыстар.

  17. Экстриоризация — әрекет барысында белгілі бір қиындықтардың туындауы.

  18. Анализатор – тітіркендіргіштерге орай рефлекторлы түрде қайтадан өзгеріп, жасалып отыруы.

  19. Символ – белгі.

  20. Ретикулярлық формация – импульстардың төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алуы.

  21. Рефлекс – Сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның жауап беру реакциясы. Латын тілінен аударғанда “бейнелеу” деген мағынаны білдіреді.

  22. Тест – сынақ. Психологияда адамның дара басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс.

  23. Стимул – қозғаушы, жандандырушы әсер.

  24. Динамикалық стереотип – шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің құрылуы.

  25. Интериоризация, экстериоризация – сыртқы болмыс әрекеттерінің ішкі идеалық факторларға, ал адамның ішкі ақыл-ой әрекетінің сыртқы іс-әрекеттерге айналуы.

  26. Дедукция – жалпыдан жекеге қарай дамитын ой қорытындысы, логикалық ойлау формасы.

  27. Индукция – жекеден жалпыға қарай дамитын логиклық ой қорытындысы.

  28. Аналогия – жекеден жекеге қарай дамитын продуктивті ой қорытындысы.

  29. Инстинкт – ағзада туа берілетін шартсыз рефлекстер негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы.

  30. Перцептивті әсер – қабылдау поцесіне қатысты әсерлену түрлері.

  31. Иллюзия – латын сөзі, мағынасы – алдану. Алдануда қабылданған нәрселер мен заттар бір-біріне сәйкес келмей, бұрмаланады.

  32. Галлюцинация – қиялдану, шатасу деген түсінікті білдіреді. Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған теріс, бұрмаланған бейнелердің тууы.

  33. Апперцепция – латын сөзі, қазақша “жан толқуы”.Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын көрінісі.

  34. Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі “төркін” дегенді білдіреді. Бұл- психскалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін әдіс.

  35. Интероверт – кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері.

  36. Экстраверт – Адамдардың ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отыруы.

  37. Абулия – ми патологиясында пайда болатын iс-әрекетке итермелегiш күштiң болмауы, шешiмдi қабылдап әрекет ету немесе оны орындау керектiгiн түсiнуiндегi қабiлетсiздiгi.



  38. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет