Бәйдібек Баба- алып


Смағұлов Қасен – өнер қайраткері



бет95/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   415

Смағұлов Қасен – өнер қайраткері




Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Тау-Түрген ауылында туған. 1960 ж. Алматы қаласы №12 қазақ орта мектебін бітірген. 1962 ж. К. Байсейітов атындағы музыка мектебін тәмамдаған. 1968 ж. Қазақ Мемлекеттік Политехникалық институтынан Жоғарғы білімді инженер- энергетик мамандығын игерді. 1971 ж. Республика Құрмет грамотасымен марапатталды. 1992 ж. Қазақ Мемлекеттік Республика Мәдениет Сарайының Бас директоры. 1998 ж. Астана естелік медальмен құрметтелді. 1998 ж. 11 жұлдызында Президенттің жарлығымен Қазақстан мемлекеттік еңбек сіңірген қызметкерлер деген атақпен марапатталды.

Бижанов Нұрахмет Құсайынұлы


1944 жылы 2 тамызда Алматы облысы, Шелек ауданының Асы-Сағы селосында туды. Жоғ
Қазақ политехникалық институтын бітірді, инженер-құрылысшы, техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корреспондент мүшесі.
Институт бітіргеннен кейін ҚазПТИ оқытушы болып істеді /1967 – 1969 жж./ Москва инженер-құрылыс факультетінің оқытушысы, аға оқытушысы, деканның орынбасары, деканы /1972 – 1979 жж./ Алматы сәулет-құрылыс институты құрылыс факультетінің деканы /1980 ж/. Жоғары білім жүйесіндегі қызмет істеген кезеңде оның тікелей қатысуымен 1,5 мыңнан аса инженер –құрылысшы дайындалды, олар қазіргі уақытта еліміздің түкпір-түкпірінде табысты еңбек етіп жүр.
1980-1988 жж. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы.
Қазагроөнеркәсіпқұрылыс қызметінде төрағасының орынбасары / 1988-1991 жж./. Қазақстан Республикасының атынан Арменияның үш ауданындағы 49 елді мекенді қалпына келтіру жұмыстарына басшылық жасады.
1990 жылдың маусым айында Н.Қ.Бижанов Зайсандағы жер сілкінісі зардаптарын жоюға жіберілді, ал 1991 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Ол екі монография, ондаған ғылыми мақалалар жариялады, АҚШ, Жапония, Ангиля, Германия, Қытай, Ресей, Тайланд, Түркия, Швейцария, Армения, Молдавия, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан,

Беларусь Республикасы, Украинада баяндамалар жасады. Ғылыми жұмыстарының нәтижелері КСРО ХШЖК – не қойылды және екі мәрте көрменің қола медальіне ие болды.


Н.Қ.Бижанов "Құрмет" орденімен, халықаралық гуманитарлық операцияларға қатысқаны үшін Халықаралық Азаматтық Қорғаныс Ұйымынын медалімен, Қазақстан Республикасының "Астана" медалімен марапаттанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет