Бекітемін «Қазақ тілі мен әдебиеті» ббб басшысы М. И. Оразханова 20 ж


жылы жазылған тарихи шығарма «Құралай сұлу » поэмасының басты тақырыбы ерлік, елдік, махаббат



бет2/3
Дата16.03.2023
өлшемі36,61 Kb.
#74828
түріПоэма
1   2   3
1925 жылы жазылған тарихи шығарма «Құралай сұлу » поэмасының басты тақырыбы ерлік, елдік, махаббат. Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» дастанына ғасырлар бойы қазақ даласында жаңғырған Құралай сұлу жайлы аңыз арқау болған. Ақын тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат мүддесін, арманын білдіреді. «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясы «Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысы шынайы суреттелген, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтерілген. Ананың балаға деген махаббаты және екі жас аралығындағы сүйіспеншілік сезім жырланады. Көркем шығарманың сюжеті оқиғалар жүйесінен құрылады. Оқиғалар бір-бірімен байланысып, желісі үзілмей, үнемі өрбіп отырады. Шығарманың ерекшелігі өлі сөзге жан бітіре сөйлей білген ақынның тілге шеберлігін көреміз.
28. М.Әуезов әңгімелеріндегі қорғансыздар тағдыры
Әлем және жалғыздық. Дүние және жетімдік. Кеңістік және қорғансыздық. Тағдырдың ақтүтек боранының алдындағы тұлдай жалаңаш адам, «қорғансыз» адам. М.Әуезов адам жалғыздығының қасірет­ті трагедиясын осылайша сурет­тейді. Қазақ даласына небір алпауыт, алмағайып заман төніп келе жатқандығын осындай образ, сурет арқылы кескіндейді. Интуитивті тұрғыда астан-кестең зұлмат құбылыстарды өзімен бірге алып келе жатқан жаңа уақыт, төнген сұрапыл замананың сұрқын осылай бейнелейді.
Қорғансыздың күні» оқырманның көз алдына байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндайды. Жазушы өмір шындығын, заман сипатын, адамның тіршілік-тынысымен байланыстыра, сабақтастыра шебер әңгімелеп жеткізеді. 
29. М.Әуезовтің 20-жылдардағы әңгімелерінің идеялық-көркемдік ерекшеліктері
Қазақ әдебиетінің классигі, заңғар суреткер, біртуар жазушы, бірегей драматург, публицист, кемел әдебиеттанушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазақ елінің көркем шежіресін жасап, ХХ ғасырдың үздік шығармалары саналған туындыларын дүниеге әкелді. 
Қазақ прозасының даму, өсу жолына көз жүгіртсек, ХХ ғасыр басындағы М.Әуезов әңгімелері көркемдік полотносымен, шынайылық ракурсымен ерекшеленген. Сонысымен де әңгімелерінің халықтық тұғырнамасы өз оқырманын асқақтығымен тартады. Әңгімелеріндегі көремдік және реалистік талабымен ашылатын халықтық идеясын айқында үшін әлем әдебиеті полотносында қарастырудың маңызы қашанда зор. Әуезов әңгімелері түп негізі, асыл тамары ұлттық ауыз әдебиетінен бастау алған. 
20-жылдары «Қазақ әдебиетінің бүгінгі дәуірі», «Қызыл сүңқарлар»(1922-23), «Алтынсарыұлы Ыбырай» (1923), «Халық әдебиеті туралы» (1924), «Қобыланды батыр» (1925), «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» (1926), т. б. мақалалар мен «Әдебиет тарихы» (1927) атты көлемді зерттеу кітабын жариялады. Жазушы осы кезеңнен бастап Өмірінің соңына дейін қазақ ауыз әдебиеті мен жазбаша әдебиетінің тарихы, оның басты екілдері мен негізгі туындылары турапы зерттеу еңбектер жазған. Әуезов әуел бастан әдебиет тарихын халықтың жалпы азаматтық тарихымен тығыз бірлікте қарастыру қажет деп білді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет