Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек


Кәсіби практиканың апталық қорытындысы



бет41/45
Дата13.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#100828
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Кәсіби практиканың апталық қорытындысы: апта ішінде пән мұғалімімен, сынып жетекшісімен және өз бетінше атқарылған жұмыстар туралы қысқаша мәлімет.
Сабақтар сараптамасы – студент-практиканттың өз мамандығы бойынша қатысқан сабақтар саны, ұнаған мұғалімдер, олардың теориялық және практикалық дайындығы, қарым-қатынас стилі, мәдениеті (сөйлеу, жүріс-тұрыс, т.б.) туралы мәліметтермен толтырады
Рефлексия – (латыншаreflexio - кейінге оралу) - бейнелеуді, сондай-ақ таным актисін зерттеуді білдіретін термин. 17 ғасырда Джон Локи берген анықтама: «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». Рефлексия - артқа қарау, көрсету, адамды, білімді дамыту шарттарының бірі. Шет тілдер сөздігінде рефлексия ой електен өткізу, өзін-өзі тану, өз-өзіне есеп беру деген сөз.
Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Рефлексивтік іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі – міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну.
Философия ғылымында рефлексия 1) ақыл мен ойлаудың өзіне жүгіну қабілеті, 2) жаңа білім алу мақсатында білімді талдау, 3) ақылы мен рухани жай-күйін өзін өзі бақылау; 4) өзін жүзеге асыру негізіне бағытталған зерттеу актісі деп түсіндіріледі.
Шығармашылық рефлексия – мақсатқа жету нәтижесі, қорытынды ғана емес, жаңа білім мен жаңа мақсаттарға бастама, жекетұлғалық құндылық сапаларын қалыптастыруда және өзіндік даму бағытын айқындауда, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық іс-әрекетте ішкі жан дүниесі ресурстары арқылы ой қорытуы.
Рефлексияның тиімділігі, оқушы үшін: оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды; оқушының қажеттілігін білу; оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады; білім беру барысының сапасын жақсарту; нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады; оқушы өз-өзіне баға бере алады; білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды. Мұғалім үшін: ақпаратпен күнделікті жұмыс жасалады; оқушының шығармашылыққа деген ынта-жігері артады; әрбір оқушының пікіріне құлақ түру; пәндік білім сапасы артады; өзіндік сын қалыптасады; сыни ойлауға жетелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет