Билер шешендігі. Ақын-жыраулар шешендігі «Өнер алды — қызыл тіл»



бет2/5
Дата30.04.2022
өлшемі44,71 Kb.
#32961
1   2   3   4   5
Сөз шеберлігі — шешен сөйлеу, əдеби-көркем тілде сөйлеу, сондай-ақ түрлі-тілдік амал- тəсілдерді мағыналық, формалық, стильдік сипаттарына сай ұтымды талғап таңдай білу. Жастарымыздың, яғни шəкірттеріміздің, сөздік қорын молайтып, əдеби тілде көркем сөйлеуіне басты ықпалымыз шешендік өнер қыр-сырын оқытып, игерте білуіміз керек.

Шешендік сөздің қажеттігі ауызша сөйлеудің аясы кеңейген сайын арта түсуде. Бүгінде шешендік өнердің қолданылатын өрісі кеңіді. Ол қоғамның саяси, əлеуметтік өмірінің барлық саласында идеологиялық тəрбиелік іс-əрекеттердің, оқу-ағартудың, заң мен ғылымның, ел басқару істерінің, яғни, бұқараның ең қажетті құралына айналды.

Ауызша сөйлеу дəстүрін жандандырып, шешендікке үйрету — тіл мəдениетінің басты мəселелерінің бірі. Бұл күнде шешендік сөздің рөлін көтеру — тіл мəдениетін көтерудің бір шарты, өйткені соңғы кездерде топ алдында дұрыс, əсерлі, əсем сөйлеуге жөнді мəн берілмей, босаңсып кеткен жайы бар. Мектеп, колледж, университет қабырғасында «шешендік өнер», «тіл мəдениеті», қазақ тілі сабағында шешендік сөздерді көп насихаттау бүгінгі таңдағы сабақ жүргізіп жүрген оқытушылардың басты міндеті.

Шешендік өнердің жаңғырығы — бұл қоғамдық қажеттілік. Шешендік өнер қашанда халықтың қоғамдық-əлеуметтік өміріне, саяси-экономикалық жағдайларына байланысты дамып, кемелденіп отырған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет