Билер шешендігі. Ақын-жыраулар шешендігі «Өнер алды — қызыл тіл»



бет4/5
Дата30.04.2022
өлшемі44,71 Kb.
#32961
1   2   3   4   5
Сұңқардан сұңқар туады.

Асылдан асыл туады,

Масылдан мал бақпас туады,

Тілазардан қылжақпас туады.

Таздан жарғақпас туады,

Сараңнан бермес туады,

Соқырдан көрмес туады.

Мылжыңнан езбе туады.

Қыдырмадан кезбе туады.

 Майқы бидің ұлы дарыны оны елдің сөз ұстаған ұлағатты биік мəртебеге көтерді. Оның көп тебіреністері қоғам дамуына, ел тірлігіне арналады. Ел мүддесі, мемлекеттік бірлік пен береке туралы Майқы би өз толғамдарымен ұрпаққа өшпес өсиет сөз қалдырды. Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уəлиханов «Ұлы қырғыз-қайсақ ордасының аңыз, əпсаналары» атты еңбегінде Майқы би туралы толымды түсінік берген. Шоқанның тарихи тұжырымын Абай жазған сөздермен байланыстырса, Майқы бидің елдік, мемлекеттік рухының ғылыми байыбы дəйектеле түседі.

 Береке түбі — бірлік, Бірлік түбі — тірлік, Жеңіс түбі — ерлік!

 Майқы би айтқан ой талай-талай ғасырлардан бері қазақ халқының, түркі жұртының дəстүрлі қағидасы, аталы сөзі болып келеді.

Қазақ ауыз əдебиетінде Төле би туралы аңыз-əңгімелер, шешендік сөздер көп. Солардың көпшілігінде Төле ақылды, əділ, шешен жəне халық қамын ойлаған қайраткер бейнесінде суреттеледі. Шынында да, Төле ХVII–XVIII ғасырларда өмір сүрген, өз заманының ақылды, білімді, парасатты азаматы болған. Төле бидің туған əкесі — Əлібек. Дəстүр бойынша Төлені халық «Үйсін Төле би» деп атаған. Атадан балаға ауысып айтылып келе жатқан аңыз бойынша, Төле орта бойлы, сымбатты, нұрлы кісі болған, Əулиеата (қазіргі Жамбыл) төңірегінде туған, кейін көбінесе Ташкент төңірегінде Жиделібайсын жерінде, Сырдың бойында көшіп жүрген. Көп тұрған жері — Шыназ (ескі Ташкент), сол жерде қайтыс болған. Төле көп жасаған адам. Оған дəлел, Ұлы жүз Төле би мен Кіші жүз Əйтеке би бірігіп, Орта жүзден Қасқа көл деген көлді даулайды, бірақ Орта жүздің бас биі Орманбет оларға:

 Екі би, айтқан сөзің жарасады,



Еншіге əркімдер-ақ таласады...

Қасқа көл Орта жүздің көлі еді ғой,

Айтқандарың қиянатқа жанасады, — деп көлді бермейді. Кейін Орманбеттің анасы көндіріп, көлді үш жүздің рулары бірге жайлайтын болып келіседі. Сонда Төле би Орманбеттің шешесіне разы болып былай депті:

 Қасқа көлді алам деп келіп едім,



Орманбет бермеген соң өліп едім.

Жетпіс жаста айтқаным жерде қалып,

Мəңгіге тірілместей болып едім… [4].

Төле — Тəуке ханның жеті жарғы, бас биінің бірі. Əз Тəуке тұсында Қазақ хандығының ішкі жəне сыртқы жағдайының бірсыдырғы нығайғаны белгілі.

Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына бұдан көп бұрын үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бəтуаласа алмай отырғанда, топқа еріп келген он бес жасар Төле билік айтушылардың бірде-біріне көңілі толмай:

 Ақты ақ деп бағалар,



О, игі жақсы ағалар!

Өзегі талса ел біткен

Өзен бойын жағалар, — деп сөз бастай бергенінде: «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып, қыз сөйлегеннен без», — деуші еді. Мына бала кім өзі?», — дейді төрдегі би. Төле қасқая қарап тұрып:

 — О, би аға, он үште отау иесі демес пе,



Кінəлімін бе келіп қалсам он беске!

Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа,

Ала көз болу ағайын адамға лайық па?

О, игі асқар тауымыз,

Əділ ме осы дауымыз?

Жар астында тұрғанда

Жасырынып жауымыз? — дейді. Сонда төрдегі би:

 — Қой асығы демеңдер,



Қолыңа жақса, сақа қой.

Жасы кіші демеңдер,

Ақылы асса, аға ғой, — деген екен.

Балам, ағалық билікті саған бердім, — дейді. Бала Төле жұлып алғандай:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет