Билет №1 Қозғыш тіндер


) Қозғыш тіндерде биоэлектрлік құбылыстарды көрсетудің биологиялық әдісі (Л.Гальванидің І және ІІ тәжірибелері)



бет11/65
Дата30.03.2023
өлшемі245,42 Kb.
#77656
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65
2) Қозғыш тіндерде биоэлектрлік құбылыстарды көрсетудің биологиялық әдісі (Л.Гальванидің І және ІІ тәжірибелері).
Гальванидің 1-тəжірибесі: Жұмысқа қажетті құралдар: биметалдық пинцет, препарат жасайтын құралдар жиынтығы, лоток, универсалды штатив, марлі салфеткалары, Рингер ерітіндісі, көлбақа. Жұмыс барысы: Көлбақаның екі артқы аяғынан препарат жасап, оны штативке іліңіз. Сосын бір браншасы мыста, ал екінші браншасы темірден жасалған пинцетті аламыз. Содан кейін мыстан жасалған браншаны жүйкелік өрімге апарады да екнінші браншасын аяқ бұлшықетіне саламыз. Осының нəтижесінде аяқ бұлшықеттерінің жиырылуын бақылаймыз. Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Тəжірибенің жобасын салыңыз, бұлшықеттің жиырылу себебі туралы қорытынды жасаңыз. Гальванидің 2-тəжірибесінде (металсыз жиырылу) балтыр бұлшықетінің жарақаттанған бөлігіне жалаңашталған шонданай жүйкесін салғанда көлбақаның артқы аяқтарының бұлшық еті жиырылады. Тыныштықтағы бұлшықеттің сыртқы беткейі мен ішкі беткейіндегі потенциалдар айырмасы, бұлшықет жарақаттанғанда бақыланады. Жарақаттанған жəне жарақаттанбаған бөлімдер аралығындағы пайда болған потенциал, «жарақат потенциалы» немесе «демаркациялық потенциал» деп аталады. Бұлшықеттің жарақаттанған электрлітеріс бөліміне жүйкені салғанда, бұлшықеттің жарақаттанбаған деңгейі мен жүйкеге жанасқан жеріндегі оң зарядты полюсі үлкен роль атқаратын, тізбектің қиылысуы жүреді. Сонымен Гальванидің 2-тəжірибесіндегі жүйкенің қозу себебі, ұлпаға тікелей əсер ететін токтың тітіркендіргіш əрекеті болып табылады. Жұмыс барысы: Көлбақаның артқы аяғынан препарат жасаймыз. Сосын шонданай нервін жақсылап препараттап, ол нервіні омыртқа жанынан кесеміз. Санның төменгі бөлігіндегі бұлшықетті қиып өтіп, əйнек ілгішпен тез арада шонданай нервін алып, тез арада бұлшықеттің үстіне қою керек. Ол жанағы санның жарақаттанған жəне жарақаттанбаған аймағвн бір уақытта жанау керек. Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: тəжірибенің жобасын сызыңыз, қорытындыда артқы аяқтар бұлшық етіннің жиырылу себебін қорытындылаңыз.
БИЛЕТ №9




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет