Билет Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы


-билет 1) Сармат тайпасы



бет23/79
Дата07.06.2023
өлшемі202,52 Kb.
#99524
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   79
Байланысты:
қаз тарих

11-билет
1) Сармат тайпасы: Сармaттар туралы деректер өтe аз. Бұл тайпаның аты б. з. б. III ғ. бастап тарихқа кірген. Саpмат тaйпалар oдағы Батыс Қазaқстан өңірінде өміp сүрген. Б. з. б.III - б. з. -дың IV ғaсыры aралығында Тобыл мен Дунай арaлығын мекендеген тайпалар. Олар алғашындa б. з. б. VIII ғacырда «савроматтap» деп аталған. Б. з. б. II ғaсыpдан бастaп Оңтүстік Орaлды, Еділ бойын, Қазақстанның батыс аумaғын қоныстанғaн. Б. з-дың IVғ. ғұндардан жеңіліп батыcқа қаpaй қоныс аударған. Жауынгер саpмaт тайпaлаpы дах (дай) - мaссагет, исседондармен тyыстас болып келген. Сарматтар тілі иран тілінeн түрік тіліне ауысқaн. Сарматтаpдың құрa­мында роксоландаp, алаңдaр,аорстар, cирактар т. б. тайпaлар болған.
2) ҚР-ның ұлттық валютасы: Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 ж. 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді. 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды
3)Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы: Орта жүздегі хан билігінің жойылуы Кіші жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда жеңілдетті. Бұл кезде Кіші жүз сұлтандарының арасындағы алауыздық әлі тоқтаған жоқ еді. Хан билігі әлсіреп, қол астындағы халық арасында беделінен айырылып тынған болатын. 1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторыП.К. Эссен Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары (қазақтары) жөніндегі жарғының» жобасын жөнелтті. Бұл кезде Кіші жүзде Шерғазы әлі де хан болып тұрған еді. Қазақтардың шекара шебіне және Орынбор өлкесінің ішкі округтарына шабуыл жасауы жиі-жиі қайталанумен болды. Орынбор өлкесінің бастығы ұсынған жобатолықтыра түсу үшін Азия комитетіне қайтадан жіберілді. Жарғының түпкілікті жобасын Ресей патшасы I Александр 1824 жылы көктемде біржолата бекітті. Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына дейін ай сайын жалақы төленіп тұратын болды. Сөйтіп Кіші жүздегі хан билігі де жойылды. Бұл реформа бойынша Кіші жүз аумағы Жайықтың сырт жағындағы үш округқа бөлінді. 1828 жылы ондағы әкімшілік бірліктерінің аттары өзгертіліп, Батыс, Орта және Шығыс округтары деп аталды. Кіші жүздегі өкімет билігі Орынбор губернаторына тікелей бағынатын басқарушы-сұлтандардың қолына көшті. Басқарушы-сұлтандарға казактардың жасақтары да бағындырылды. Ондай жасақтардың әрқайсысында 100-ден 200-ге дейін адам болды. Басқарушы-сұлтандар казак станицаларында және шекара шебіндегі бекіністерде тұратын болып белгіленді. Мұның өзі олардың патша үкіметіне тәуелді болуын күшейте түсті. Басқарушы-сұлтандардың атқаратын негізгі қызметі өздеріне қарайтын халықты «тәртіп сақтайтын және патша үкіметіне әрқаиіан адал әрі айтқанын екі етпейтін бағыныста» болатындай етіп ұстау еді. Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап, баскарушы сұлтандарға дейінгі барлық лауазымды тұлғаларды Орынбор губернаторының өзі тағайындайтын болды. Сайлау жүйесі жойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет