Билет Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы


)Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы



бет25/79
Дата07.06.2023
өлшемі202,52 Kb.
#99524
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   79
Байланысты:
қаз тарих

3)Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы: Орта жүзде 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдің жарлығымен бекітілген «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» күшіне енді. Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты мақсаттарының бірі Орта жүздегі хан билігін біржолата жою болатын.«Жарғы» өзінің мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарын іс жүзінде Ресей империясына қосып алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтіп Орта жүздегі әкімшілік, сот және аумақтық басқару жүйесі түбірімен өзгертілді.
13-билет
1)1824 ж орынбор қырғыздары туралы ереже: Ресей өкіметінің Кіші жүз қазақтарын жаңаша басқару мақсатында жасаған шарасы. 1824 ж. наурызда Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия департаментінде бекітілді. Оның жобасын 1822 ж. Орынбор ген.-губернаторы П.К. Эссен дайындады. Бұл жоба бойынша Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Кіші жүз ханы Шерғазы Орынбор қ-на шақырылып, Орынбор шекара комиссиясының жұмысына кеңесші қызметіне тағайындалды. Кіші жүз жері – батыс, орта және шығыс әкімш. жүйелеріне бөлініп, оны билеуші сұлтандар басқарды. Жүздің бөлінуі рулардың орналасуына және олардың арасындағы билеуші сұлтандардың беделіне байланысты болды. Сондықтан бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ шенеуніктерінің тіршілігін қадағалау, салық жинау, сот істері, мед. жағын бақылауға алу кірді. Жергілікті әкімш-тің құрамына Кіші жүздің үш бөлігінің сұлтандары, дистанция басқарушылары кірді. Сұлтандарды Орынбор әскери губернаторы, ал басқа шендердің бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбір билеуші сұлтанның 100 – 200 адамнан тұратын әскери командасы болды. Олардың ордасы казак станицалары мен бекіністерінде орналасты. Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары негізінде қаралды. Патша әкімш. жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер сотын полиц. жазалаушы органдарға айналдыруға талпынды. Оларға қамауға алуға, дүре соғуға, Сібірге жер аударуға рұқсат берілді. Дәстүрлі билік құрылымын қиратқан жаңа жүйе – Кіші жүз қазақтарын Орынбор шекара комиссиясы арқылы басқаруды күшейтіп қана қойған жоқ, әлеум.-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын да қамтыды. Қазақтарды құнарсыз жерлерге ығыстырған орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет