Билет Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы


)Ұлы Жібек Жолының пайда болуы



бет26/79
Дата07.06.2023
өлшемі202,52 Kb.
#99524
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   79
Байланысты:
қаз тарих

2)Ұлы Жібек Жолының пайда болуы: Осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты “Жібек жолы” атанғаны түсінікті. Ал “Ұлы” сөзінің оған қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан да бұл жол “Ұлы Жібек жолы” болып тарихқа енді.Қытай жазба деректеріндегі хабарларда б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер бар. Сол байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. Сол қытай деректері бойынша, VI ғасырда Батыс Түрік қағанының және оның нөкелерінің жібек шапан кигендері белгілі. Бұл- VI ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі. Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталды. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп және екі тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Еуропаға қарай өткен. Алайда бұл көрсетілген бағыттар үнемі тұрақты болды деп айтуға болмайды. Ол халықаралық саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырған. Бірақ мүлде өзгеріп, басқа арнаға түспеген. Жағдайға байланысты бұрынғы жолдар қайта жанданып отырған.
3)XVIII ғ. Қазақ елінің әлеуметтік саяси жағдайы: XVIII-XX ғасырлардың бас кезінде қазақтардың арасында жүзге және ру-тайпаларға бөліну одан әрі жалғаса берді. Қазақ халқы үш жүзден тұрды. Олар - Кіші жүз, Орта жүз және Ұлы жүз. Әр жүз бірнеше руға бөлінді, ал рулар өз кезегінде қыруар көп рулық аталықтарды біріктірді. Мұның өзі ру халқы санының өсе түсуіне байланысты болды. Қазақтардың көшпелі өмір салтының өзі де осыны қажет етті. Әр жүздің айқын белгіленген өз аумағы болды. Мәселен, Ұлы жүз қазақтары ежелгі дәстүр бойынша Қазақстанның Оңтүстік-шығыс және Оңтүстік аймақтарын мекендеді. Орта жүздің үлесін Орталық, Солтүстік және Солтүстік-шығыс Қазақстанның өңірлерін құрады. Ал Кіші жүз бүкіл Батыс Қазақстан аумағында көшіп-қонып жүрді. Діни конфессия, мәдени-тұрмыстық қатынастар жағынан қазақтарда айта қаларлық аймақтық айырмашылықтар да, тілдік диалектілер де болған жоқ. XVIII ғасырдың аяқ кезінде қазақ халқының жалпы саны шамамен 2,5 миллион адамға жуық болған. 1897 жылы Ресей империясында Жалпыға бірдей алғашқы халық санағы жүргізілді. Оның деректеріне қарағанда, сол кезде Қазақстанда тұратын қазақтардың саны 3,4 миллион адамға жуықтаған. Дала халқының түгелдей дерлік басым көпшілігі ауылдық жерлерде тұрды. Қалаларда тұратын қазақтардың саны небары 1,1 пайыздан асқан жоқ. Жаңа заманда қазақтардың едәуір бөлігі Қытайдың, Ресейдің, Монғолияның, Ауғанстанның және Орта Азия мемлекеттерінің аумақтарында тұрып жатты. Дәстүрлі қазақ қоғамының құрамында халықтың әр түрлі этностық және субэтностық топтары да болды. Солардың бір тобы Құрамалар деп аталды. Өйткені бұл топ алуан түрлі рулардың, тайпалардың және халықтардың өкілдерінен құралды. Ол топтың құрамында қарақалпақтардың да, қырғыздардың да және ноғайлардың да бірнеше шағын топтары болды. Мәселен, XIX ғасырдың өзінде қырғыздардың аз ғана бөлігі Ақмола губерниясының Көкшетау уезіндеп қазақтардың ортасына біржола сіңісіп кетті. Олар жергілікті қазақ халқының тілін, мәдениетін және әдет-ғұрпын толық қабылдады. Құрамалардың едәуір топтары Ташкент қаласының төңірегінде де болды. Ондағы Құрамалардың жалпы саны 50 мың адамнан асатын еді. Құрамалар, негізінен алғанда, кең-байтақ қазақ даласының шет аймақтарын мекендеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет