Билет Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы


-билет 1)Қазақстан территориясының энеолит дәуірінің тұрақтары



бет29/79
Дата07.06.2023
өлшемі202,52 Kb.
#99524
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   79
Байланысты:
қаз тарих

15-билет
1)Қазақстан территориясының энеолит дәуірінің тұрақтары: Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені — Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған аймағындағы энеолиттік мәдениетті "Ботай мәдениеті" деп атайды.
Ботай энеолиттік конысы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекені жанында, Иманбұрлык өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қоныс шамамен б. з. д. XXIV—XXII ғасырлар арасында, 200 жылдай уақыт өмір сүрген. Қоныстан 160-ка жуық жекелеген үй орындары ашылды. Үйлер кәдімгідей көше-көше болып салынған. Үйлердің көпшілігі жертөле ретінде қабырғасының жартысына жуығы жер астына үңгіп салынған. Үйдің кабырғасының бір метрге жуығы кәдімгі жер. Одан жоғары тұсы қазылған жерден шығарылған топырақпен дуал етіп шегендеген қабырға. Осылайша салынған қабырғаларға төбесіне қарай тарыла беретін бөрене-сырғауылдар қаланған. Күмбез түрінде жасалған төбеге ағаш бұтақтары тасталып, оның үстіне шым жапқан. Үйдің төбесінің дәл ортасында түтін шығатын тесік қалдырған. Сыртқы есік қабырғадан ойылып шығарылған, оның сыртында кішкене дәліз болған. Ошақ үйдің ортасында орналасқан. Одан төр жақта адамдардың жататын жері болған. Қоныстан тас, сүйек, сазбалшыктан жасалған заттар мен құралдар көп табылды. Мысалы, тас пышақтар, қанжарлар, жебеніңнайзаның ұштары. Әр түрлі ағаш өңдейтін құралдар: шот, балта, қашау, тері өңдейтін қырғыштар тастан жасалса, біздер, инелер сүйектен жасалған. Өлген адамдарын қоныстың маңындағы ескі тұрақтарға жерлеген. Жерленгендердің айналасына, қабір үстіне жылқының бас сүйегін айналдыра тізіп қойған. Ботайлықтар бүкіл еуразия даласындағы ең алғашқы жылқы өсірушілер болған. Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылды.
2)Керейіт тайпасының шығу тегі: Керейіттер туралы алғашқы деректер XII ғасырдың басына жатады. Онон, Керулен өзендерінің бойында және Бұйырнұр көлінің жағалауында, яғни Моңғолия аумағында, деп жазады Рашид ад-Дин, керейіт тайпасы мекендеді. Алайда, бұл тайпа аталған уақыттан едәуір ертеректе өмір сүрген деп санау керек, өйткені XII ғасырға қарай ол Шыңғысханға қарсы тұрған аса қуатты күш болған. XIII ғасырдағы керейіттер туралы мәліметтерді біз Г. Рубруктің, Плано Карпинидің, одан соң Марко Полоның жазбаларынан табамыз. Бұл арада осы тайпаның саяси тарихын қарастырып жатудың қажеті жоқ, бұл біздің міндетімізге кірмейді. XIII ғасырдың басында керейіттердің Ванханы Тоғырыл қаза тапқаннан кейін керейіттердің Шыңғысхан билігіне көшіп, оның империясы құрамына кіргенін ғана айтып өтпекпіз. Керейіттердің қазіргі Қазақстан аумағына келуі туралы мәселенің айқын еместігі сияқты, бұл тайпаның содан кейінгі тарихы да айқын емес. Біздіңше, керейіттерді Шыңғысхан талқандап, оларды монгол мемлекетінің құрамына енгізгеннен кейін олар монғолдардың батысқа жасаған жаулап алушылық жорықтарына қатысқан да, сонда мекендеп қалған тәрізді. Мұхаммед Хайдардың деректеріне қарағанда, XIV ғасырдан бастап, керейіттердің қайсыбір бөлігі Моғолстан моголдарының құрамына кірген. XV ғасырда керейіттер өзбек тайпалар одағының құрамына, ал кейініректе қазақ халқының құрамына енген. Ш. Уәлихановтың мағлұматтарына қарағанда, қазақ халқы құрылғаннан кейін керейіттер Ұлы жүздің құрамына кірген, ал көп үзамай олардың негізгі бұқарасы одаи бөлініп шығып, өзбек туыстарыиа кеткен. Керейіттердің қазақтарда қалған шағын бөлігі жетіру ұрпақтарына қосылған. Керейіттер туралы енді Кіші жүзге кіретін ру ретіндегі келесі мағлұматты XVIII ғасырдың орта шеніндегі А. Тевкелевтен, ал содан соң А. Левшиннен табамыз. Бұл ру неғұрлым кейінгі зерттеулердің еңбектерінде де үнемі кездесіп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет