Билет Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы



бет28/79
Дата07.06.2023
өлшемі202,52 Kb.
#99524
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   79
Байланысты:
қаз тарих

Батыс Қазақстан: Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері — Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.
3)Наймандардың шығу тегі, шаруашылығы: Қытай тарихында сақталынған 9-12-ғасырлардағы «Қидан деректері (ляушы, 辽史) » мен «Алтын патшалығының деректерінде (жиншы, 金史) » наймандардың бұрынғы аты «жанбон», «жанбақ», «жәнбагі», «жанбағ» (қытайша: 粘拔恩 немесе 粘八噶) деп жазылған. Найман атауын қидандар Алтай тауларындағы сегіз өзенді айнала орналасқан тайпаларға берген, кейін осы атпен Найман аталып кетті.[3] Наймандар тайпасының тегі туралы мәселе ертеден-ақ тарихшылардың пікірталасын тудырып келді. Бірқатар зерттеушілер (И.Я. Шмидт, А.М. Позднева, Д.Оссон, В.В. Бартольд, В.П. Васильев, т.б.) Наймандардардымоңғол, басқалары (Рашид әд-Дин, Х.Ховарс, П.Поуха, А.Бобривников, Г.Е. Грумм-Гржимайло, Н.А. Аристов, С.Аманжолов, Ә.Марғұлан) түркі тегіне жатқызды. Қазіргі уақытта олардың түркі тектес екендігі толық дәлелденген. Көптеген зерттеушілердің пікірінше “найман” атауы моңғолша “сегіз” деген сөзді білдіреді. “Оғыз тайпасынан шыққан наймандар түркі тілдес халық болды. Олар 8 ғ-дан бастап “сегіз оғыздар”, кейінірек “цзбу-бу” одағын құрап келді. “Найман” сөзі оларға көрші халықтардың берген атауы” деп жазды Л.Л. Викторова. Әбілғазының пікірінше: “наймандар – көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық”. “Селенга тас жазуы” деп аталатын 750 ж. тұрғызылған ұйғыр ескерткішінде, “Ляо ши” жазбаларында (8 ғ.) сегіз-оғыздар туралы мәліметтер кездеседі. Сегіз оғыз жұртын әуелі “найман аймақ” (“сегіз тайпа”) деп 10 ғ-да қидандар атай бастаған деген топшылау бар. Кейіннен моңғол империясының дәуірлеуі бұл сөздің негізгі атау орнына қолданыла бастауына одан әрі жағдай жасаған. Зерттеушілер бұл тайпа 10 ғ-дан “найман” деп атала бастаса да, 13 ғ-ға дейін бұрынғы “сегіз” аты қосарлана айтылып келгенін алға тартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет