Билет Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы


-билет 1)Ғұн державасының құрылуы



бет27/79
Дата07.06.2023
өлшемі202,52 Kb.
#99524
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   79
Байланысты:
қаз тарих

14-билет
1)Ғұн державасының құрылуы: Б.з.б. 4-3 ғғ Қытай шекараларының солтүстігінде, Орта Азияда біріккен тайпалар п.б. Олар – ғұндар. Олар түрік тайпалары болды. Осы тайпаларға байланысты Еуразия континентінің этно-саяси дамуы күрт өзгерді. Б.з.б 109ж Шаньюй сюну Модэ өзінің мемлекетін мықты қылдыру үшін реформа жүргізді. Ғұндар және олардың жаулап алған жерлері жөнінде мәліметтер қытай тарихшысы Сыма Цяньда болды. Ғұндардың басшысы – Шаньюй. Әскері 300-400 мың адам болды. Әскери дисцмплина өте қатал болды. Олар үлкен территорияға ие болды. Байқалдан Тибетке дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі жерлер. Бірақ ғұн державасы әлсіз болды. Б.з.б. 1ғасырда ол ыдырый бастады. Оның негізгі себептері – мемлекет ішіндегі қайшылықтар. Б.з.б. 40ж ғұндар оңтүстік пен солтүстікке бөлінді. Оңтүстіктегілер Қытай құрамына еңді. Ал солтүстіктегілер өзінің тәуелсіздігін сақтай отырып, Орта Азия тайпаларымен одақтасып, Батысқа көшіп кетті. Бірақ олар Қытайлықтардың қысымында болды да, Тянь-Шаньға кетуге мәжбүр болды. Кангюйлермен қарым-қатынас жасады. Бұл ғұндардың Қазақстан мен Орта Азия территориясына көшуі болған. Ғұндар – көшпелі тайпалар(көшпелі мал шаруашылығы, металлургия, керамика, Қытаймен сауда). Б.з.б. 1ғ оңтүстік ғұндарды Қытайлықтар ығыстырды да, олар Батысқа қарай жылжыды. Ғұндардың қысымынан көптеген тайпалар Орталық Қазақстан, Сырдарияның солтүстігі және Арал мен Каспий теңіздерінің маңына қарай келе бастады. Бұл процесс 300 жылға созылды. 2-5 ғ-ға дейін бұл “халықтың ұлы қоныс аударуы болды”. Аттиланың басшылығымен олар Рим империясына шабуыл жасады. Ғұндар бұл аймақ тұрғындарының құрамын өзгертті. Бұның бәрі түрік тайпаларының үстемдігін орнатты.
2)Сақтардың археологиялық ескерткіштері: Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар — Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды. Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-1 ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар — диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ.Шығыс Қазақстан:Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады.Орталық Қазақстан: Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә. Марғұлан, М. Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың ерекшелігі — оларда тас жалы, «мұрты» болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.Арал өңірісақалар мәдениеті Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет