Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



бет142/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   146
Байланысты:
аллгоритмы на каз. яз2

Клиникалық өлімінің белгілері:

  • есі болмайды;

  • тыныс алуы тоқтайды;

  • терісі бозарады, сұрланады және көгереді;

  • ірі артерияларда ұйқы және сан артерияларында тамыр соғуы болмайды;

  • көздің қарашығы ең үлкен кеңейді, жарыққа реакциясы болмайды;

  • рефлекстері толық болмайды.



Реанимациябұл организмді тірілту, тіршілік маңызды қызметін қалпына келтіруге алдымен тыныс алу және қан айналуын, ұлпаларды жеткілікті мөлшерде өттегімен қамтамасыз етуге бағытталған.

  1. Тірілту бойынша шаралар кешіктірілмей басталуы қажет.

  2. Оқиға болған жерге қарамай бастапқы іс-әрекет аман алып қалу бойынша бірдей жүргізіледі, бұл жерде маңызды 2 міндетті әдісті орындау:

  • зардап шегушіні көлденен қатты жерге жатқызыңыз. Осы әдісті жұмсақ бетке орындау күткен әсерді бермейді, неге десең жұмсақ бетке құтқарушының қимылдауымен серіптіреді және жүректі қысу қажеттілігін жетуіне жолы болмайды;

  • кеуде торының алдынғы бетін жалаңаштаңыз, белдігін босатыңыз.

  1. Әрі қарай Питер Сафардың басшылығына сәйкес тірілту келесі кезеңдерден тұрады:

С ережесі. Жүрекке жасанды массаж жасау арқылы қан айналымын жасанды қолдау.
А ережесі. Жоғарғы тыныс жолдарының ерікті өткізгіштігін қамтамасыз ету.
В ережесі. «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» әдістері өкпенің вентиляциясы арқылы тыныс алуды қолдау.
С ережесі. Ересек адамдардың жүрегіне сырттай массаж жасау

Жүрекке массаж жасау жұмыс жасамайтын жүрек жағдайында қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған. Төс пен омыртқа арасындағы жүректі дұрыс қысу нәтижесінде, оның қуысындағы қан, қан жүретін тамырларға итеріп шығарылады. Төске қысуды тоқтатқаннан кейін, кеуде торы иілмелі күшімен қайта жазылып және қан қайтадан жүректі толтырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет