Би Темірге айтқан бірінші толғауы Көбең семіз торыңмын,
Көп құлыңның бірімін.
Жақсыңнан мені кем көрдің,
Жаманыңмен тең көрдің.
Жақсыңнан мені кем көрсең,
Жаманыңмен тең көрсең,
Ұялы берікке қос артып,
Сен есенде, мен сауда
Ырысымды сындайын,
Сегіз қиыр шартараптан іздермін!
Еділден аққан сызашық
Біз көргенде тебінгіге
Жетер-жетпес су еді -
Телегейдей сайқалтып,
Жарқыраған беренді
Теңіз етсе, Тәңірі етті!
Жағасына қыршын біткен тал еді -
Жапырағын жайқалтып,
Терек етсе, Тәңірі етті!
Тебінгінің астынан
Ала балта суырысып,
Тепсінісіп келгенде
Тең атаның ұлы едің,
Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі етті!!
Тобылғының берегі
Иіл болып беріш бітсе,
Айбар болар терегі.
Атаның ұлы жақсыға
Малынды бер де басың қос,
Бір күні болар керегі.
Бостаны бар-ды теректің,
Болаты бар-ды беректің,
Тұсыңдағы болған нартың қорлама,
Тұсыңдағы болған нартың қорласаң,
Табылмас-ты керекте.
Айдын шүйсең - тарлан шүй,
Көтерілген сона құтылмас.
Жауға кисең - берен ки,
Егеулеген болат өте алмас.
Есендікте малыңды бер де батыр жи,
Басыңа қыстау іс түссе,
Дұспанның қолы жете алмас!
Бар күшіңді сынамай,
Балуандармен күреспе -
Таң боларсың әлемге,
Сөз боларсың күлемге.
Ақылсыз достыдан
Ақылды дұспан артық-ты,
Дұспаныңнан бір сақын.
Аспанды бұлт құрсайды -
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды -
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды.
Көп ішінде бір жалғыз
Көп мұңайып жылайды -
Күйбендескен көп жаман
Сөзі тигенге ұқсайды!
Алп, алп басқан, алп басқан
Арабы торым өзіңсің,
Жазылы, алтын, қол кескен
Алдаспаным өзіңсің!
Білерді білмес не демес,
Сұлтан ием, сен менің
Бармай тапқан Қағбамсың!
Алтынды кесе сары бал
Алсам, мен саған ұсынармын,
Тал мойныма қол артсаң,
Күліктен бек ұнармын.
Тапсырма. 1-қадам. Ұсынылған тапсырмаларға бағалау критерийлерін құрастырыңыз. Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи жҽне көркемдік құндылығын бағалау
тапсырманы жекелеген оқушылардың жетістік деңгейлеріне сай қалай бейімдеуге болады? Тәжірибеңізбен бөлісіңіз.Жауабыңызды сараланған тапсырма түрінде көрсетіңіз.
2-қадам.Әріптестіріңізбен тапсырманы ұсыну жолдарын топта талқылаңыз, ортақ идеяларыңызбен бөлісіңіздер.