Дәріс, интервью, мақала, очерктің жанрлық ерекшеліктерін, құрылымдық ерекшелігін жақсы білеміз бе?
Бұлардың барлығын бір сабақта қамту шарт па?
Тәуелсіздік жеткен күн 16 желтоқсан, 1991 жыл. Дүн-дүниені саясат желінің тіміскілей кезіп кеткелі қашан. Бұрын-соңды құлақ естімеген, көз көрмеген оқыс оқиғалар…
Әдекеңнің курстас досы, белгілі жазушы ағамыз Дулат Исабеков те осында екен. Шүйіркелесіп жатырмыз... Сөйткенше болған жоқ, депутат редакторымыз Шерағаң – Шерхан Мұртаза бір құшақ аязды алдына салып, айрықша жарқылдап кіріп келді. Өткір жанарлары от шашып, жүзі бал-бұл жанып, айрықша толқыған Шерағаңды ортамызға алған біз бөгелместен аққайнардан салют аттық. Күміс күлкілерге толы лебіздерге хрусталь бокалдардың нәзік сыңғырлары ұласқан.
– Мырзалар, бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн! Әлгінде ғана, сағат 18.14-те, Жоғарғы Кеңестің депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңды қабылдадық. Сөйтіп қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы
– Тәуелсіздік жарияланды. Дүниеге жаңа мемлекет – тәуелсіз де азат Қазақстан Республикасы келді. Азат елдің ертеңі алаңсыз, ұзағынан болсын, менің сүйікті бауырларым! – деді сессиядан жаңа келген депутат редакторымыз Шерхан Мұртаза.
Құдіретті сезімге бөлеген осынау бақытты да, қуанышты сәтті сөзбен өрнектеп, бейнелеу әсте мүмкін емес-ау!?
Жанат Елшібектің очеркінен үзінді