Тапсырма. 1-қадам. Ұсынылған тапсырмаларға бағалау критерийлерін құрастырыңыз. Білім алушыларға көркем шығармалардан алған үзінділерді өз ойын дәлелдеу үшін орынды қолдана алуға дағдыландыратын тапсырманы жекелеген оқушылардың жетістік деңгейлеріне сай қалай бейімдеуге болады? Тәжірибеңізбен бөлісіңіз.Жауабыңызды сараланған тапсырма түрінде көрсетіңіз.
2-қадам.Әріптестіріңізбен тапсырманы ұсыну жолдарын топта талқылаңыз, ортақ идеяларыңызбен бөлісіңіздер.
Күлдір-күлдір кісінетіп
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күренді мінер ме екеміз?!
Күдеріден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екеміз?!
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екеміз?!
Ор қояндай жүгінтіп,
Аш күзендей бүгілтіп,
Жолбарыстай шұбарды
Тандап мінер ме екеміз?!
Сол шұбарға мінген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екеміз?!
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қашырар ма екеміз?!
Тобыршықты әндіген
Толтыра тартар ма екеміз?!
Тобылғы түбі құралай,
Бытыратып атар ма екеміз!
Жарлауға біткен жапырақ -
Жамылсақ, тоңар ма екеміз?!
Жазыққа біткен бүлдірген -
Сұғынсақ, тояр ма екеміз!
Тобылғы сапты қамшы алып,
Тұмар мойын ат мініп,
Қоныс та қарар ма екеміз!
Ел жазылып жайлауда,
Жақсылар кеңес құрғанда,
Мұртымыз өрге шаншылып,
Бұрын да сөйлер ме екеміз?!
8-сынып. «Дананың сөзі – ақылдың көзі» бөлімі Оқылатын шығарма Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп»
Оқу мақсаты
8.3.1.1. Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи жҽне көркемдік құндылығын бағалау.
Тапсырма Толғауда айтылған ойлардың өміршеңдегіне баға беріп, өз ойларыңды талдап, қазақ халқына мінездеме беріңіз.