Тапсырма. Киіз үй
А. Киіз үй – Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі. Ол – көшпен-ділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі болуы үшін жасалған.
Ә. Көшпенділердің киіз үйі – тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.
Б. Киіз үй – көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй. Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады. Кереге әдетте екі түрлі болады. Оның бірі кең көзді кереге «желкөз» деп аталады. Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан, желге төзімсіздеу болып келеді. Екінші түрі тар көзді кереге «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен, желге өте төзімді. Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады. Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.
В. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым-сызынан, жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауа өткізуге ыңғайлы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қолайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады.
1.Мәтінде айтылған ақпаратты табыңыз. Қазақ халқының ең бірінші сәулет құрылысы киіз үй болды.
Киіз үй барлық Орта Азия халықтарына ортақ баспана болған.
Киіз үйді бір сағат ішінде бұзып қайта тігуге болады.
Керегенің екі түрі бар.
Уық ‒ шыңырақты ұстап тұрған киіз үйдің бір бөлігі.
2. Кереге неге байланысты «желкөз», «торкөз» деп аталады? Жел өткізу дәрежесіне.