Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022



бет30/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93
Байланысты:
Жұмыс дәптері Қазақ тілі Т1 ПИБ

Сарапшының түсініктемесі
«Сіз осындай печенье сатып алсаңыз не істер едіңіз?» деген сұрақ шектеулі бірақ бірнеше нұсқадағы жауапты қарастырады(болжайды). Оқырман осы сұраққа жауап бергенде күнделікті өмірде, осындай жағдайда не істейтіндігін болжай алуы керек (қауіпті тағамды жейді ме, әлде.....?). Міндетті түрде жеке тәжірибеге сүйену, сұраққа тек мәтіндегі ақпарат негізінде ғана с жауап бере алмау – мәселені "мәтін ақпаратын түсіну және бағалау"санатына жатқызу критерийі. Жауап беру үшін мәтіннен арнайы білім алуды қажет етпейтіндігі ‒ бұл сұрақтың жеңілдігі. Сұрақтың өзін және мәтіннің тиісті элементтерін түсіну үшін талап етілетін рефлексия деңгейі өте төмен. Бұл сұраққа жауап беру кезінде оқушыларға не қиындық тудыруы мүмкін? Мүмкін болатын көптеген себептердің арасында екеуіне тоқталайық.
Біріншіден, бұл сұраққа жалғыз дұрыс жауап жоқ (жауаптың "жеймін" деген нұсқасы да, "дүкенге қайтарамын» деген нұсқасы да қабылданады).
Екіншіден, бұл сұраққа жауап беру кезінде мектепте алынған мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын күнделікті жағдайға қолдану керек. Басқаша айтқанда, бұл тапсырма білім беру нәтижелерін бағалауға құзыреттілік тесттерінің негізгі тәсілін көрсетеді: жаңа жағдайда қолданылатын білім мен қабілет құнды. Бұл жағдайда мәтіннен өмірге көшу жаңа болуы мүмкін. Буратиноны есімізге түсірейік. Барлығы бірдей "оқулықтағы алманы" "өмірдегі алма"сияқты ережелерге сәйкес бөле бермейді.


Балшырын жинау

Аралар аман қалу үшін бал жасайды. Бұл олардың ең маңызды азығы болып табылады. Бір омартада 60000 ара болса, оның үштен бір бөлігі ғана балшырын жинап, одан бал жасайды екен. Балшырын іздеп табушы аралардың саны да көп емес. Олар алдымен балшырындардың қайнар көзін табады да, кейін омартаға келіп басқа араларға хабар береді.


Іздеп табышы аралар балшырынынның қай бағытта, қандай қашықтықтан алуға болатынын аралар биін орындау арқылы білдіреді. Аралар биін орындау барысында олар ішін әрі бері шайқайды да шеңбер жасап жүгіріп жүреді. (Аралар биінің сызбасы төмендегі суретте көрсетілген.)
Диаграммада омартаның ішінде тік орналасқан ұяның бетіндегі араның биі көрсетілген. Егер «8» белгісінің ортасы тік болса, аралар балшырынды күнге қарай ұшқанда таба алады. Егер «8» белгісінің ортасы оңға бұрылса, онда балшырын күннің оң жағында деген сөз.
Балшырынның қашықтығын араның ішін шайқау ұзақтығынан біледі. Егер балшырын өте жақын жерде болса, ара ішін өте аз уақыт шайқайды. Егер балшырын ұзақжерде болса, онда ол ішін ұзақ уақыт шайқайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет