Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022


Мәтінде «Киіз үй – сәулеттік құрылыстың алғашқысы» деген ойға қандай дәлелдер келтірілген?



бет34/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   93
Байланысты:
Жұмыс дәптері Қазақ тілі Т1 ПИБ

3. Мәтінде «Киіз үй – сәулеттік құрылыстың алғашқысы» деген ойға қандай дәлелдер келтірілген?

  1. ____________________________________________________________

  2. ­____________________________________________________________

  3. ____________________________________________________________

4.Мәтін мазмұны бойынша кестедегі сөздер жауабы болатын сұрақтар құрастырыңыз.



Сіздің сұрағыңыз

Жауап


Сүйегі жеңіл


Қолдануға ыңғайлы


Киіз үй


Сақтануға ыңғайлы

5. Мәтіндегі ақпаратты негізге ала отырып, киіз үйді қолданудың тиімділігін дәлелдеңіз.

Көшіп-қонуға ыңғайлы, себебі...


Бораннан сақтануға ыңғайлы, себебі...


Жылдың барлық мезгілінде ыңғайлы, себебі...


Жер сілкінісінде ыңғайлы, себебі...




Тапсырма. Қазақтың дәстүрлі уақыт өлшемдері


А. Қас пен көздің арасы ‒ халықтық өлшем. Лезде, тез, жылдам,көзді ашып- жұмғанша деген мағынаны білдіреді. Қас-қағым (көзді ашып-жұмғанша) ‒ жарықтың жылт етуі, көзді ашып-жұмғанша кететін уақыт, шамамен 0,7-1 секунд аралығы.
Ә. Сүт пісірім‒ ширек сағат шамасы, шамамен он бес минут. Бие сауымдай уақыт ‒ биенің екі сауымының арасы, бір сағат шамасындағы мезгіл.
Б. Таң сәрі – шолпан жұлдызының туған мезгілі. Бозбала таң – күн шапағының белгісі, таңның ағара бастауы. Таң ата – күннің ұясынан шығар алдындағы мезгіл. Сәске – күн шығып, арқан бойы көтерілген кез. Ұлы сәске – тал түске жақындаған мезгіл. Тал түс – күннің тас төбеге келуі, мысалы, адамның көлеңкесі оның дәл түбіне түсуі. Сәске түс – шаңқай түс мезгіл немесе күннің қиғаш 45 градуспен түсуі, яғни, адамның өзінің биіктігі мен көлеңкесінің ұзындығы теңескен кез. Кешқұрым – күн батқан кез. Түн ортасы – түнгі сағат он екі. Түн жарым – түнгі сағат үш.
В. Ат адым – ақпан айындағы күннің ұзаруы, ол 38 минутқа тең. Елік адым – қаңтардың басынан ақпанның аяғына дейінгі аралықтағы күннің ұзаруы, ол 74 минутқа тең келеді. Қарға адым – қаңтар айындағы күннің ұзаруы, ол 36 минутқа тең.
1. Он бес минуттық уақытты халық өлшемімен қалай айтуға болатынын табыңыз.
А) Бие сауым уақыт
В) Елік адым
С) Қас-қағым
D) Сүт пісірім уақыт
Е) Сәске түс уақыт
2. Мәтін мазмұны бойынша адамның көлеңкесі оның дәл түбіне түсетін уақытты халық қалай атағандығын табыңыз.
А) тал түс деп атаған
В) сәске түс деп атаған
С) ұлы сәске деп атаған
D) сәске деп атаған
Е) кешқұрым деп атаған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет