Білім беру бағдарламасы Мамандық «6М050300-Психология» мамандығы» «Жұмыстағы бағалау мен өлшеу»


-дәріс. Ұйымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы: бағалау критерийлері және өлшеу тәсілдері



бет6/14
Дата09.05.2023
өлшемі87,26 Kb.
#91215
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
7-дәріс. Ұйымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы: бағалау критерийлері және өлшеу тәсілдері

Индивид пен субъектінің байланысы туралы мәселе психологияда болсын басқа ғылымдарда болсын әртүрлі дискуссиялар тудырады. Бұл сұрақтың мәні бар себебі ол тұлға дамуының ең маңызды жақтарын қозғайды. Индивидпен әдетте тұлға дамуындағы негізді құрайтын алғышарттарды байланыстырады. Субъект дамуындағы детерминациялардың сипатын анықтауда, табиғи және биологиялық факторларға байланысты екі позиция бар.


Бірінші позиция тұлғалық даму мен дифференциация сферасында табиғи сұрыпталу негізгі деп санайды. Бұл социал дарвинизм позициясы, даму өзінің биологиялық формасында табиғи сұрыпталуға бағынады. Адам басқалар сияқты осы түрге жатады сондықтанда дамуы басқа түрлердің дамуына ұқсайды. Екінші позиция біріншіге қарсы шығады, онымен дискуссияға түседі.
Адамның дамуы жануарда жоқ ерекше негіздемелерде өтеді деп санайды. Табиғи сұрыпталу, жануарлардың даму заңдылықтары адамның пайда болуымен байланысты жоғалады. Екінші позиция морфофизиологиялық эволюцияны өмір бейнесі эволюциясымен араластырады, сондықтанда адамның табиғи тарихи құрылуындағы дамудың табиғи заңдарын толық жоққа шығарады.
Бірінші позиция биологизаторлық, екіншісі социолигазаторлық көзқарас деп аталады. Екі позицияда бір-біріне қайшылықты болсада олар антитарихилық жағынан ұқсас. Біріншісі индивидтік қасиеттер тұлғаны тура шарттандырады десе, екіншісі тұлға индивидтік қасиеттерден толығымен байланысты емес дейді.
Ресейде осы анти тарихи көзқарасты Л.С. Выготский сынап, психиканың дамуының мәдени тарихи концепциясын жасады. Кеңестік психологоияның пікірінше тұлға өмір бейнесінің эволюциясы биологиялық заңдылықтардың даму эволюциясымен байланысты деп санайды. Биологиялық факторлар мүлдем екінші жоспарға өтпейді, алайда жануарладың даму сферасындағыдай әрекет етпейді.
Адамның индивидтік қасиеттері біртіндеп адамның функционалды органдары деп аталатындарға жатқызылды (А.А. Ухтомский, А.Н. Леонтьев және басқалары). «Функцияларды» жүзеге асыру үшін функционалды органдар әлеуметтік өзара әрекеттермен, сөзбен жанамаланған әлеуметтік құралдар ретінде жұмыс жасайды. Даму заңдарының тарихи өзгергіш позициясын биологизаторлық та, социолигизаторлық та негативті бағалаушы еді. Біріншісі оны социологиялық деп атап, екіншісі биологиялық факторларды қайта бағалау деп сынаушы еді.
Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев және басқалар жасаған тарихи-эволюциялық ықпал тұлға өмірінің әлеуметтік-тарихи бейнесін биологиялық эволюция заңдылықтарының даму факторы ретінде және адамның санасы мен жоғарғы психикалық процестерінің дамуын анықтайтын мәдени, белгі факторлармен шарттанған психиканы түсіндіреді. Адам өзіне функционалды органдарды бағындырады, өз әрекетін ырықсыздандырады, басқалармен күрделі өзара әрекет формасына түседі, әлеуметтік болмысты ұғына алады.
Субъектінің дамуына биологиялық факторлардың әсері жайлы мәселесіне қатысты кеңестік психологияда В.П. Алекссев ұсынған шашыратушы сұрыпталу идеясына жақын ойларды айтады. Шашырап тарайтын сұрыпталу гипотезасының мәні мынада болды, бұл сұрыпталу жануарлардың биологиялық сұрыпталуымен бірдей емес, бірақ бұл сұрыпталу эволюция барысында туындаған вариацияны, акцентуацияны жоққа шығармайды, алайда оларды қолдайды және басқа түрлерге қарағанда адамның үлкен адаптивті қабілетерін жасайды.
Адам тарихи тұрғыда өзінің «эталонды емес» формаларын лақтырып тастамайды сондықтанда басқа жануардың қолынан келмейтін нәрсе жер шарының барлық жерінде тарады. Адамдағы адаптивті диапазоны өте күшті, тіршілік етудің үлкен арсеналын алады және одан алыс шықпауға қабілетті.
Шашырушы сұрыпталу түрлердің дамуын шектемейді, түрлердің әртүрлі вариациясын лақтырмайды, алайда вариацияларды ұстап алады, бекітеді және табиғатта, қоғамда оған басқа бірді бір вариация келмейтін, оны игермейтіндей орындарды орнатады. В.П. Алексеевтің пікірінше табиғи сұрыпталу адамның дамуында жоғалмайды, алайда оны шашыратады және адаптацияның жаңа мүмкіндіктерін береді. Мұндай сұрыпталу адамның тарихи құрылуының нәтижесі болып табылады, потенциалды мүмкіндіктерді жоғарылату мақсаттарына қызмет етеді.
Психологияда индивид биологиялық сфераның заңдылықтары ретінде, биологиялық негіздеме, адам қасиеті, индивидуалды қасиеттері ретінде басқа адамнан айырмашылығын көрсететін биологиялық сипаттамалары ретінде беріледі. Биологиялық пен әлеуметтіктің арақатынасы жайлы сұрақтарды шешуде тұлғадағы индивидтік қасиеттердің құрылымы жайлы сұрақтарды шешуде тұлғаны зерттеудің әртүрлі стратегиялары бөлінеді.
Кеңес психологиясында адамның ұйымдасу иерархиясына қатысты әртүрлі пікірлерді көруге болады, әсіресе оны мәскеулік және санкт петербург психологиялық мектептерінен де көруге болады. Мысалы мәскеулік мектеп өкілдері «субъект» деңгейін бөліп көрсетпейді, адамның биологиялық және психикалық қасиеттерін біріктіріп «индивид» ұғымына кіргізеді. Алайда осында белгілі бір айырмашылықтарға қарамастан «тұлға» ұғымы отандық психологияда адамның әлеуметтік ұйымдасуына апарылады.
Кеңестік психологияда тұлғаның дамуы социализация мен тәрбиеде өтеді деп қабылданады. Себебі адам саналы жан болғандықтан, ол өз өмірінде туа салып әлеуметтік өзара әрекетке түседі. Ол социумның бір бөлігі бола отырып біртіндеп белгілі бір субъективті тәжірибені меңгереді, ол оның тұлғалық сипатының ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл процесс келесі белсенді әлеуметтік тәжірибені, яғни социализацияны өндіреді.
Субъект құрылымын қарастырғанда әдетте оның құрылымына қабілет, темперамент, мінез, мотивация және әлеуметтік ішкі бағдарланулар жатқызылады. Қабілеттер іс- әрекеттің әр түрінде сәттіліктерді анықтайтын адамның орнықты индивидуалды қасиеттері. Темперамент адамның психикалық процестерінің динамикалық сипаттамасы. Мінез адамның басқа адамдарға деген белгілі бір қатынасын білдіреді. Мотивация іс-әрекетке талаптандыратын жиынтық, әлеуметтік ішкі бағдарланулар, адамдарды сендіру.
Кейбір авторлар сонымен қатар тұлға құрылымына ерік және эмоция ұғымдарын кіргізеді. Бұл ұғымдар психикалық процестерде қаралсада оны тұлға ұғымына қатыстырған авторларда да өздерінің негіздемелері бар, мысалы сезім эмоцияның бір түрі, ол әлеуметтік бағыттылыққа ие, ал ерік сапалары қоғам мүшесі адамның мінез- құлқын реттеуге қатысады. Сондықтанда тұлға ұғымын түсінуде бір жағынан оның күрделілігі, екінші жағынан оны түсінуде көптеген қиындықтар мен келіспеушіліктер шығады. Келіспеушіліктер көбінесе адамды ұйымдастыру құрылымыынң иерархиясына сонымен қатар биологиялық пен әлеуметтіктің арақатысына байланысты туындайды.
Кеңестік психологияда «субъект» және «индивидуалдылық» ұғымдары сәйкес келмейді. Олардың арақатынасы жайлы келіспеушіліктер көп кездеседі. Ол ұғымдардың қайсысы кеңірек деген сұрақтар бойынша ғылыми дауласулар әр кез сайын болып отырды. Бір көзқарастарда (әсіресе санкт петербург психологиялық мектеп өкілдерінің жұмыстарында) индивидуалдылықты адамды басқа адамға ұқсастырмайтын биологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерді біріктіреді, сөйтіп «индивидуалдылық» ұғымы «тұлға» ұғымына қарағанда кең мағынаға ие болады.
Ал басқа бір көзқарастарда (мәскеулік мектеп өкілдерінің жұмыстарында) «индивидуалдылық» ұғымы белгілі бір сапаларды ғана біріктіретін тек адамның ұйымдасу құрылымында ең тар мағынаға ие болады. Осы ықпалдарда «тұлға» ұғымына әлеуметтік қатынастар мен адамның байланыстарында қалыптасқан әлеуметтік деңгейде көрінетін сапаларын ғана кіргізеді.
Сонымен бірге тұлғаны әлеуметтік қатынастар жүйесінің субъектісі ретінде қарастырылмайтын көптеген концепцияларда кездеседі, олар тұлға ұғымына адамның биологиялық, әлеуметтік, психикалық ерекшеліктерін түгелімен кіргізіп, тұлғаны тұтас интегративті құрылу деп түсіндіреді.
Сондықтанда олар арнайы тұлғалық қасиеттерді анықтауға арналған сұрақнамалар арқылы адамды тұтас суреттеуге болады деп санайды. Мұндай әртүрлі бір-бірімен сәйкес келмейтін көзқарастардың болуы адамның тұлғалық құрылымындағы биологиялық пен әлеуметтіктің арақатынасына байланысты болып отыр.
Адам тұлғасындағы биологиялық пен әлеуметттіктің арақатынасы мәселесі қазіргі жаңа психологиядағы бір негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Психология ғылымдарының қалыптасуы мен даму процесінде «психикалық», «биологиялық», «әлеуметтік» ұғымдары арасындағы барлық мүмкін деген байланыстар тұтас қарастырылды.
Психикалық даму әлеуметтік процестен де, биологиялық процестен де тәуелсіз толығымын спонтанды процесс деп қаралды және индивидке олар параллель әрекет етудің нәтижесінде туындайтын, әрі биологиялықтан немесе әлеуметтік дамудан өндіріледі деп түсінілді. Сондықтанда биологиялық, психикалық, әлеуметтіктің арақатынасын әртүрлі қарастыратын бірнеше топтарды бөліп көрсетуге болады.
Психикалық дамуды спонтанды деп көрсететін топтарда, психикалық биологиялықпен де, әлеуметтікпен де ешқандай байланысы жоқ, өзінің ішкі негізіне бағынатын құбылыс ретінде қарастырылды. Адам организмін бұл концепцияда психикалық болмысты «сиғызатын қойма» ретінде қарап, психикалықты бір ерекше жаратылу деп пікір айтты.
Биологизаторланған концепцияларда психикалықты организмнің дамуының сызықтық функциясы ретінде қарайды және сол дамуың артынан жүреді деп түсіндіреді. Бұл концепциялар тұрғысынан адамның қасиеттері, күйлері, психикалық процестердің барлық ерекшеліктері биологиялық құрылымдардың ерекшеліктерімен анықталады, ал олардың дамуы биологиялық заңдарға бағынады. Мұнда жануарларды зерттегенде ашылған заңдарды жиі қолданып, адам организмінің даму ерекшелігін ескермейді.
Бұл концепцияларда психикалық дамуға индивидтің дамуында эволюциялық түрдің басты қырлары өндіріледі ол индивидке тән болады деген биогенетикалық заң яғни рекапитуляция заңын қолданады. Психикалық тәуелсіз құбылыс ретінде жалғыз өзі табиғатта болмайды, барлық психикалық құбылыстар биологиялық (физиологиялық) құбылыстардың көмегімен түсіндіріледі деп бекітеді. Мұндай пікірлер физиологтардың арасында көп кездесті, ол пікірді қолдағандардың бірі И.П. Павлов болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет